ВЕРНУТЬСЯ

       Аса қайырымды Николай Иванович!
     Жуырда Сіздің
хатыңызды алдым. Ол хатыңызда
Сіз Мозохин туралы естіген пікірлер
жайында жазған екенсіз. Ол, шынында да, өзінің істерін біздің облыстағылардың
қай-қайсысынан да анағұрлым жақсы
жүргізеді; басшы адамдардың ол туралы
өте жақсы пікірде екенін айтпай-ақ қойғанның өзінде де, айналадағы казақ қарттары оны өз баласындай жақсы
көреді,- мұның жақсы адам екеніін осыдан-ақ көруге болады. Сіздін, арқаңызда құдай маған өз ойымдағыдай бір жақсы окытушы бергенін мен өзіме үлкен бақыт деп санаймын. Халық ағарту жұмысы бұл арада тек жааа ғана басталып келеді; сондықтан, жаңа
салынып жатқан үйдің жақсы болуы оның
іргёсінің берік және мықты қалануына байланысты болатыны сыяқты, біздің қолға
алып отырған ісімізде де, қазақ
мектептерінің бар келешегі көбінесе істің қазіргі басталуына байланысты;
сондықтан да мен қазір жақсы
оқытушыны дүниедегі заттың
бәрінен де қымбат көремін. Сіз,
адамзаттың ішіндегі ең,
қайрымдысы, бізді ұмытпаңыз, мүмкіндігі болғанынша бізге қабілеті мол, жаксы
адамдар жіберіп тұрыңыз,
қазақ халқын оқьгту жұмысына мұндай
қайырымдылықпен қатынасқаныңыз
үшін аллатағала Сізді жарылқар. Халық мектептері
үшін ең керекті - оқытушы; тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйырықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор
бақылауы да оқытушыға тен, келе алмайды. Ал менің жағдайымды алсақ, қымбатты Николай Иванович, жақсы оқытушы тауып
алу ісінде менің сізден басқа сүйенерешкімім жоқ!
Мозохиндей
болмағанмен де, Сіздің тәрбиелеп шығарған басқа шәкірттеріңіз де оқу жұмысын өте ыждағатты түрде жүргізіп жатыр. Олардың бәрі де жақсы жігіттер; бірақ,
балаларды тәрбиелей білу, балаларға жазу-сызуды,
тілді үйрету, түсінікті етіп жүйелі түрде білім беру жөнінде, әрине, олардың
бәрі бірдей емес. Мысалы,
Меркурьев пен Спиридонов балалармен онша жақсы түсінісе алмайды, ал Григорьев бұл
жөнінде ептілеу, бірақ оның оқыту әдісін және оқытатын пәнін таңдап алу жәнінде
тұрақтылығы жоқ. Данилов туралы әзірге ешнәрсе айта алмаймын, Өйтені онымен
әзір жете танысқаным жоқ. Бірақ, жалпы алғанда, біздің окытушыларымыз оқу ісін,
менің ойымша, орыстың көптеген халық мектептеріндегі оқытушылардан гөрі
тәуірірек жүргізеді-ау деп білемін...
Сізге шын берілген И. АЛТЫНСАРИН.
1882 жыл, 29 июль.
Ново-николаевскі қаласы.