ВЕРНУТЬСЯ

                    Сөзі мен әнін жазған - автор.Күннің нұры, ай жүзі - келбетінде,Келді «іңгәлап» бал бөпе жер бетіне.Ботақаным тіл-көзден аман болғай,Шүкір делік Құдайдың бергеніне.Қайырмасы:Бала-бағым – жыр-қанатым,Ең қымбатым – Нұржаннатым.Ән саламын, тамсанамын,Аумай қалған түр-сымбатың.Өсе берші былдыр қағып,Біздер үшін күлкің – бақыт.Анаң сенің әлдилеп, ерке етеді,Әжең бағып, бесікті тербетеді.Апаң сені әлпештеп, әндетеді,Атаң сені аялап, әупетеді.Қайырмасы:Бала-бағым, жыр-қанатым,Ең қымбатым – Нұржаннатым.Ән саламын, тамсанамын,Аумай қалған түр-сымбатың.Өсе берші былдыр қағып,Біздер үшін күлкің – бақыт.Үлкендерден ақ тілек, батаны ала,Атана бер ләйім «Ата бала».Үш жүз алпыс әулие, Бекет бабам,Қолдай берсін туған жер, Отан-Ана!

Автор: