ВЕРНУТЬСЯ

        Сонымен Қайыркеге
қосылып, мен Құтырлағаниың сиырын бағысуға кірістім. Бағатынымыз - сауын
сиырлар. Шамасы бес жүздей.

Біз күн сайын таң
біліне тұрамыз. Со кезден бастап, диірменнің маңайына орыстың әйелдері
сиырларын айдап әкеле бастайды, сиырлар түгел жиналып болғанша, күн де шығып
қалады. Қайырке екеуміз сиырларды жаятын жаққа айдай жөнелеміз.

Құтырлағанның
жаиылымы кең. Бұл өзі жабайы орыс поселкесінің бір емес, қазақ-орыстардың
станициясы ғой. Қазақ даласын патша үкіметі отарлаған кезде, Гурьев, Орал,
Орымбордан басталып, Ор, Троицк, Пресногорков, Пресңов, Петропавл, Омбы арқылы
Ертісті ерлеп, арғы шеті -Заисанға ұштасатын «линиядағы» казак-орыс станицаларының
бәрі де Қорғандық маңызы болғандықтан, ол станицаларда тұратын казак-орыстарға
патша өкіметі ерекше Жардай жасаған ғой, соның бірі - кең жер беру.

Крестьян
поселкелерінде еркек басына он бес десятинадан  ғана жер тисе, казак-орыстардың еркек басына,
отыз Десятинадан жер берілетін болған. Сондықтан үй саны бірдей крестьян
носелкесінен қазақ-орыс станицасының жері екі есе кең болады. Оған қосымша,
казак-орыстардың ішінен соғыс кездерінде даңқы шыққан адамдарға жеке участоктер
берілген. Соның бәрін қосқанда бес жүз үйлі Құтырлағанның жер мөлшері, үйі сол
шамалас «Исаевка» аталатын украиндық поселкенің жерінен екі-үш есе көп.

Құтырлағанның
қарамағындағы жерде орман да, көл де, жайылым да мейлінше мол. Станицаның
қасында бірі. Үлкен Сары, бірі - Кіші Сары аталатын екі дария көл бар. Екеуінің
де бұ шетінен қарасаң, о шетіне көзің әрең жетеді.

Кұтырлағандықтар
егіндерін станицаның бір жақ бетіндегі жеріне ғана салуға тырысады. Егінді кеп
салатын үйлер бірен-саран-ақ. Олардың да десятинасының саны он бес, жиырмадан
аспайды. Кепшілігінің егетіні бірден беске дейін ғана десятина. Егіні бірыңғай
салынғандықтан, Құтырлағанның езге елкесіне мал еркін жайылады. Тек, шабындыққа
арналған келдер мен езектерге түсірмесең болғаны, езге жеріне малды қалай
ергізсең де ықтиярың.

Сиырлардың
көбірек оттайтын мезгілі күн түске тармасқанша ғана. Одан кейін шанышқақ шығады
да, сиырлар келсіз жерге тұрмайды. Шанышқақтан қорғалап суға тығылған сиырлар
күн түстіктеи еңкейіп, қоңыр жай тартқанда ғана ереді.

Қазақ ауылында
сиырды бұзаумен идіріп сауады ғой. Орыстар бұзауды енесінен туа сала бөледі де,
тез түңіліп кетеді. Сондықтан еріске шығарда да, өрістен қайтарда да, қазақ
ауылының сиырындай, орыстың сиырлары бірен-сараны ғана болмаса бұзауын іздеп
меңіремейді.

«Аюға намаз
үйреткен таяқ» дегендей, кейбір қашаған сиырлар таяқтан жасқанады. «Таяқ»
дегеніміз, сабының ұзындығы бір-ақ құлаштай, басында адамның басына жақын
домалағы бар шоқпар. Мұндай шоқпарлар тамырымен қопарып алған қайыңнан
істеледі. Егер осы шоқпар қаша женелген сиырдың талмау тұсынан тисе, ұшырып түсіреді.
Шоқпар жеген сиыр ырқыңа көніп алады.

Біз бағатын
сиырлардың ішінде бір қара ала, бір қызыл қасқа бұқа бар. Екеуі де атан түйедей
үлкен. Біздін, еріккендегі бір ермегіміз - осы екеуін сүзістіру. Олар кісі
сүэбейді, айдасаң ырқыңа кеңе береді. Біз сондай жуастығымен пайдаланамыз да,
сиырдың қай жақ шетінде жүрсе де, айдап әкеп түйістіріп жібереміз.

Кеп сүзісуден тәсіл
алып қалыса ма, болмаса, екеуініңші тең бе,- мойындары мен денелерін қалаи
жиырып ап бір-бірін маңдайынан итерсе де сүріп әкете алмай, теке-тіреспен
тұрады да қояды. Осы ерегіспен біраздан кейін екеуінің де көзі қызарып, тілдері
салақтап, ауыздарынан сілемей ағып, ызаланып алады да, шоқпармен жасқап айырып
жібермесең, өз беттерімен айырылмайды...

Сиырлар саусаған
кезде Қайырке екеуміз ең алдымен қолтыққа қысып жүрген үш таған мосыға,
белбеуімізде байлап алған жез бақырды асамыз да, ішіне су құйып, шай қоямыз. Су
қайнағанша Қайырке екеуміз көлге шомыламыз да, бір-бір құшақ қоға алып шығамыз.
Ол араның көлдерінің майқоғасы да, сүйрігі де өте тәтті болады. Қайнаған суға
біздің шығаратын шайымыз,- далаға өсетін «шәлпи» атты шөп. Жусан түсті, басында
сарғылт гүлі бар бұл шөпті қайнаған суға салсаң, жап-жасыл боп шығады да,
сусынды қандыруы ғажап болады. Нанды Қайырке екеуміз үйден дорбаға сап алып
шығамыз. Бұл нан орыстың не қалашы, не бөлкесі болады. Егер шай ішкіміз
келмесе, біз сиырларды бақырға сауамыз да, сүтін қайнатып ішеміз.

Қайырке мен менің
күнделік қызметім осылай етіп жа-тады. Кейбір күндері Қайырке үйінде қап,
менімен бірге оның ағасы Бейсембі мал бағуға шығады.

Кейінгі кезде
«Жаман жезде»  аталып кеткен бұл Бейсембі,
жас күнінде де момын. Оның сол қолының үсік саусағы ортасынан жоқ. Мал баққанда
ол үйдегі домбырасын қолына ала шығып, жайыла өрген сиырдың соңында тартады да
жүреді. Оның сыңсығандау тәп-тәуір дауысы бар. Жай мінезді момын ол өзі өлең
айтса да, желігіңкірей айтады, мен айтсам тіпті желігіп, ретсіз жерде де, ретті
жерде де кәтермелеп айғайлап кетеді.

Күндер осылай
өтіп жатты. Ертеден қара кешке шейін сиырдың соңынан жүре беру әуелгі кезде
ауырлау сияқты көрінді де, артынан үйреніп кеттім. Ол да өзінше бір қызық
өмірге айналды. Бейсембі сиыр бағуға сирек шығады. Көбшесе, бірге бағатын -
Қайырке екеуміз. Жасы да, бойы Да менімен шамалас, қара бұжыр кескінді Қайырке
мейлін-ше пысық. Орыс арасында туған ол орыстың тілін орыс ба-лаларынан кем
білмейді. Ағасы Бейсембі сияқты ол да өзі өлең аитуды және менен өлең тыңдауды
жақсы көреді. ның айтатындары - орысша өлең. Қазақ елеңдерінен ол

Менің немере апам
- Еменалынын, қызы - Үржапияға үйленді

алдым-жұлдым
бірдемелер болмаса, жөнді білмейді. Дом-быраға қолының ебі жоқ.

Тегі Қайыркенің
қазақ «өлеңшісінен» бірінші көргені мен болуым керек. Сондықтан ол менің өлең
айтатынымд?,і білмеген күндерде, өзі білетін орысша өлеңдерін айтып жүрді.

«Наша улица
широка Только некуда ходить, На деревне девок много Только некого любить».

«Закурю с тоски
мохорку, Положу гармонь на полку, Полежи Тальяночка. Пока придет беляночка».

«Ох, моя милка,
семь пудоз Не боится верблюдов».

- деп, нашарлау
даусымен майланбаған арбаның доңғалағындай дарылдайды. Кейін менің өлең
айтатынымды білген соң, ол өлең айтуды мүлдем доғарды. Екеуміз Бейсембінің
домбырасын кейде сұрап, кейде ұрлап алып шығатын болдық. Бірақ Қайырке Бейсембі
сияқты елеңді түрегеп, си-ырға еріп жүріп айттыруды жақсы көрмейді, отырып айттырады.

Шанышқақтаған
мезгілде болмаса сиыр деген мал жа-йылған уақытта жүргіш келмейді. Ол
жоңышқалы, өлеңді шәпті жаіқсы кереді. Жоңышқасы жақсы бір жерге әкеліп
қаптатсаң, айнала оттап, орнынан көп жылжымайды. Бірен-саран қашаған сиыр
болмаса, өзге сиырлар қаладан өріс-ке шыққан бетінен, кешкі қалаға қайтар
мезгілге шейін бұрылмайды. Өріске беттеген я қайтқан уақыттарында алы-сырақ
барып алдынан шығып отырсаң, анда-санда «соп» деп дыбыс беріп қойсаң, сиыр сені
басын еттей, тоқырай отайды... Өріске беттегенде де, өрістен қайтқанда да Қайырке
сиырлардың алдына шығып осылай тоқтатып қояды да:

- Кәне, Сәбит,
баста өлеңді,- дейді. Не өлең айтуды екеуміз келісіп аламыз да, мен қалаған
өлеңін бастай жө-нелем... Әлденеше жыл баққан Қайыркені ие көріп, үйреніп
қалғандықтан ба,- сиырлар ол дыбыс шығарса-ақ елеңдеп, немесе:

дей қап, қайырған
жағына қарай беттей женеледі. Менің кайыруымды да, айғайымды да олай
тыңдамайды.

Менің өлеңді
көбірек айтатын кезім - сиырлардың түскі жусаған мезғілі. Бұл кезде бақырға
қайнатқан шәлпи шайды екеуміз кішкене ағаш тостағаннан сораптай тартып, терлеп
отырып ішеміз де, қанған кезде мен өлең соғам. Қайырке өлең тыңдағанда
желікпейді. «Сөз-ақ», «шіркін-ай!», «тамаша екен» деген қостаушы сөздерді ол
сабырмен ақырын ғана айтып, көбінесе, маған қадала қарайды да отырады.

-        Илансаң,- дейді ол,- осы уақытқа шейін мен
қазақ ауылын керген емеспін... Қайдан кересің,- жеті жасымда шешем өліп жетім
қалдым. Әкем әйел ала алмады. Сол үйдің еркегі де, әйелі де өзі. Және қой
аузынан шеп алмайтын момын кісі, ешқайда шықпайды, ол шықпаған соң мен де шыға
алмаймын, жеті жасымнан сиырдың соңындамын. Сондықтан ауылды қайдан керейін.

-        Керіп келгендер,- дейді ол,- ауылды
жақсы дейді, бейнеті аз дейді, ойын-сауығы кеп дейді, жаздай кең далада
жайлауда болады дейді. Соған барғың-ақ кеп құмартасың, бірақ бару қайда!..

Соңғы сездерін Қайырке
зор арман сияқтандырып күр-сініп айтады. Сейтеді де, ауыл тіршілігінің
егжей-тегжейін менен сұрай бастайды. Менің ауыл туралы кеңестерімді осіресе, өз
қара басым туралы кеңестерді тыңдағаннан ке-йін, ол:

-        Ауылда да солай ма? -деп басын шайкап
отырады.

-        Ауыл рахат орны болса, қалаға қаңғырып
келем бе мен,- дегеннен кейін ғана:

-        Рас-ау,- дейді мақұлдап.

-        Сиырдың соңында үнемі салпақтап жүре
беруден ішім пысып, неғыларға білмей жүруші едім,- дейді Қайырке,- жақсы
болды-ау, сен келіп. Бұрын батпайтын күннің қазір қалай өткенін де білмеймін.
Екеуміз енді осы сиырды бірге бағайық, сен бұл арадан кетпе.

-        Өмір бойынша ма,- деймін мен.

Өмір бойынша
болса қайтеді,- дейді Қайырке.- Сиыр бағып еткен кісі бізден кем емес. Менің
әкем Қопабай, оның әкесі Түлкі, оның әкесі Қонеке, өмірлерін осы Құтырлағанның
сиырын бағумен еткізді. Кенжебайды кш білсін, ол әлі кішкене ғой. Бейсембінің
күні де сиыр бағумен ететін шығар.

Өзің ше? - деп
сұраймын мен.

-        Оны құдай біледі де,- дейді Қайырке,-
бір жыл емес, он жыл емес, өмір бойы сиыр бағудын, несі жақсы дейсің.

Ендеше маған неге
сиыршы бол дейсің?

-        Екеуміз бірге баға тұрайық та,
кейінгісін кере жатармыз.

Қайыркенің «көрермізі»
не екенін мен ұзамайақ білдім. Жаз ортасы ауып, Құтырлағандықтан шөбін шауып
болып, егініне кірісе бастаған кезде Қайырке маған бұдан бұрын айтпаған бір
сөзін айтты.

-        Сәбит, сеи маған ұнайсың,- деп бастады
ол сөзін.

-        Нем ұнайды?

-        Мінезің де жақсы, тіл алғышсың, оның
үсгіне елең-шісің...

Қайырке маған
күлімсірей қулана қаяп, аз уақыт тым-тырыс келе жатты да:

-        «Айлас қатын мұңдас» деген мақал бар
екен, сиыр соңында жүрген соң екеуміз де мұңдас, сырлас болуға тиісті емеспіз
бе? - деді.

-        Әрине,- дедім мен.

-        Сен әзің аузыңа берікпісің, жоқ па? -
деп сұра« ды, ол.

-        Не туралы айтасың?

-        Жай әншейін де,- деп Қайырке күлімсіреді
де қойды.

Бұл кеңес осымен
доғарылды. Сиырлар түске шейін жайылғаннан кейін, мерзімді уақытында келдің
жағасына жусаттық.

Бұл мезгіл -
шанышқақтың жатқан кезі. Біз сиырларды жусататын келдердің маңайы дығырланып,
тақыр боп жатады. Тақыр жерде, маса, сона азғантай болады. Шанышқақтан құтылған
кезде сиыр түскі жусауына шейін көп оттайды да, жусағаннан кейін ұзақ күйсейді.
Бұ кезде Қайырке екеуміз кейбір күндері ұйқтап та аламыз.

Бүгін де
сиырларды келдің жағасына әкеп жусатқаннан кейін, шәлпиден қайнатқан шайды ішіп
отырып, Қайырке манағы бір доғарылған кеңесін қайтадан көңірсітті.

-        Күнде ішетініміз шәлпи шай,- деп бастады
ол ке-ңесін,- жейтініміз нан ғана. Жүректі қарайтып болды-ау, бұл, Сәбит!..

-        Қарайтқанда, не істейміз?-дедім мен
қалжыңдап,- мал соймай сараң болған әкең мен езіңнен көр.

_ Сол малды сояр
едау,- деді Қайырке,- егер қолда

болса, бірақ жоқ
қой сол.

__Енді нені айтып
отырсын,.

__Бізде жоқ болса
да, қалада көп дегенім ғой.

Е, қала саған қойын
бере ме?

.- Әрине, бермейді.

_ Бермесе, айтып
отырғанын, не?

__ Жай, әншейін,
епгеп қымқырса қайтер еді дегенім

Қой,- деді
Қайырке, күлімсірей маған қарап қойып.

-        Қалай қымқырасың? - деп сұрадым мен.

-        Ол оңай гой, бірақ қасыңдағы серігің
сенімді болса.

-        Сенімді болғанда қайтер ең? - дедім мен
сынағалы.

-        Мана аузына берікпісің дегенім осы еді,-
деді Қайырке.

-        Ия, берік болсам ше?

-        Ендеше, әкел қолыңды,- деп Қайырке қолын
ұсынды.

Мен қашқалақтап
қолымды бермеп ем, Қайырке «неге бермейсің?», «сенбеймісің?», «кімнен
қорқасың?» деген сияқты біраз сұраулар беріп отырды да:

-        Қой, бүйтіп ашықпайық,- деді маған,-
ептеп қозылақтан ұрлап тамақ тойдырайық.

-        Қайдан ұрлайсың?

-        Қаланың Оразалы баққан қойлары осы
маңайға кеп, араласа жайылып жүрген жоқ па?

-        Одан қалай ұрлайсың?

-        Оп-оңай,- деді Қайырке, со кезде көзі
ұры иттің көзіндей жылтыңдай қап.

-        Қалай оп-оңай?!

-        Қойлар ағаштың ішіне жайылып келгенде
бір семіз тоқтыны ұстап аламыз да, бауыздап ағаштың түбіне тыға саламыз.
Артынан асып жейміз.

Қайыркенің бұл
сөзіне нанбаған кескінмен мен аз қарап отырдым да, әлі де болса қалжың көріп:

-        Лақты ұстамаймысың? - дедім.

-        О, кәпірдің бақыратыны бар,- деді
Қайырке,- қойшыға білдіріп қояды. Ал, қозы деген жануар, жұп-жуас, Дыбыс
шығармайды... Сонымен, қалай дейсің. Сәбит?.. Істейміз бе, осыны?

-        Рас айтып отырсың ба?

-        Осы ндай өтірік бола ма екен?

-        Жоқ, мен оған араласа алмаймын,- дедім
мен.

-        Араласпай-ақ қой,- деді Қайырке, қулана
жымия қараған кескінмен.- Тек, айтып қоймасаң болғаны. Қозыны ұстайтын да,
бауыздайтын да, соятын да, асатын да өзім болам. Сен, жегің келсе же де, жегің
келмесе де отыр.

-        Оны қайда асып жейсің?

-        Сойсақ, асудың ретін келтіреміз де.

-        Қалай, қолымыздағы бақырға бір жіліктен
артық ет симайды, оған қайсымыз тоямыз?- дедім мен, оның сөзін әлі де- ойын
көріп, қалжыңдап.

-        Малдың етін өзінің қарнына асып жеуді
естімеп пе ең,- дейді ол.

-        Қарнына?!.

-        Ия, қарнына. Кәдімгі қарны бар ғой,
соның жынын ақтарып тастап, таза қып жуып, ішіне суды құясың, си-ғанша ет және
татырлық тұз саласың да жерді шұқырлап қазып, ішіне құм сеуіп, әлгі қарынды
соған кемесің. Сөйтесін де, үстіне тағы да сеуіп, оның үстінен от жағасың.
Сонда қарындағы ет бұрқылдап тұрып қайнайды. Қайнағанда буы шығып тұру үшін,
қарынды өңешпен бірге аласын да, өңештің ішіне екі басын кескен бір сүйемдей
қурай тығып қоясың. Қурайдың тесігінен бу бұрқылдап атқылай-ды да тұрады...

-        Рас, рас! - дейді Қайырке иланбаған
кескінмен бетіне қараған маған. Талай рет солай пісіріп жедік. Қарынға піскен
еттің қасында, қазанға піскен ет - ет емес!

Қайыркенің сөзіне
енді ғана сенгендей болдым.

Есіме Оразалы
түсті. Оны мен білем. Түбі - біздің Сибан. Ол да осы Құтырлағанда туып өскен
адам. Оның да өмір бойы кәсібі - мал бағу. Біз жоғарыда Аубакірдің нашар
халдегі үй тұрмысын айттық. Оразалының үйі одан да сорлы... Оның үстіне, осы
Құтырлағанда отырған бес-алты жатақтың ішіндегі адамдардың ең момыны - сол.
Өзге жатақтардың айтуынша, Оразалы «біреудің ала жібін аттамайтын, жолда бос
жатқан бірдемеге кездессе иесін іздеп апарып беретін, мал бағудан басқада
жұмысы жоқ, құдайы адам». Жасы со кезде елу-алпыстарда. Өз көйлегін жамап кие
алмайтын, өз шайын дұрыстап қойып іше алмайтын мейлінше салақ кемпірі бар. Ол
кемпірден бала кеп туған да, өле беріп, жалғыз ғана баласы қалған. Оның да
мұзға сырғанақ теуіп жүргенде, оң аяғы тізесінен шығып кетіп, жіліншігі
тақымына жабысқан ақсақ боп қалған... Оразалының халі сондайлығын білгендіктен:

__ Момын адамға
обал болмай ма? Сен ұрлаған қозыны

иесіне төлемей
ме?-десем:

__ Телей берсін,-
дейді Қайырке.- Онсыз да құдайдың сорлы жаратқан адамының, қозысын біз
ұрламағанмен, байып жатқан ол жоқ.

Бұл әңгіме
сонымен аяқталды. Келер кұндердің біреуінде Қайырке екеуміз жайылып келе жатқан
сиырмен бірге, қалың ағаштың ішіне кірдік. Со кезде екінші жағынан маңырасып
кеп сол ағашқа Оразалы бағатын қойлар да кірді

-        Сен ағаштың арғы тұмсығына шық та,
сиырларды тоқтат,- деді Қайырке,- әйтпесе, олар ар жағындағы орыстың үйіп
қойған маясын сүзеді.

Мен жөнеле
бердім. Неге екенін кім білсін, сиыр деген мал, үйген шөпке еш келеді де,
кепене, шошақ, мая керсе-ақ сүзгілей бастайды...

Қайырке жұмсаған
жаққа барып, сиырлардың бетін бері қарай бұрдым да, айдап отырып ағаштың екінші
шетіне шығардым. Сол кезде Оразалы жаяу бағатын қойлар да ағаштан әрі қарай
шығып еріп барады екен. Қайырке маған Оразалы бізден ұзаған кезде ғана келді.

-        Қызық таптым,- деді ол.

-        Ие, не таптың?

-        Бір талдың түбінен араның ұясын
таптым...

«Араның ұясы»
дегенге елеңдей қалдым. Бұдан бұрын

бір рет Қайырке
сондай бір ұяны тауып, ертеңіне қасына түтін салғамыз да, балын алғамыз. Бал
деген затты мен емірде бірінші рет осы жолы ғана татқам.

Балға солай
дәніккендіктен, Қайыркенің «араның ұясын таптым» деген сезіне иландым да,
соңыиа ердім. Қатарласып жүріп келе жатқан Қайыркеге:

-        Тағы да түтін саламыз ба? - дедім.

-        Әрине! - деді ол.

-        Екеуміз ағаш арасымен жүріп келе
жатырмыз. Алдымда Қайырке. Мен әрбір минут сайын алдымыздан дуылдай қарсы
ұмтылатын араларды күтем...

Мені бастап жүріп
келе жатқан Қайырке түбіне жапырақты жас бұталар үйілген ағаштың қасына әкелді
де:

-        Ұя осында,- деді.

Аралары қайда?

Олар тығылып жатыр,-
деп Қайырке күлді де, жапырақтарды аша бастады. Мен ду ете ұшатын аралардан
Қорқып, кейін шегіне бердім.

Қайырке қарқылдап
күлген қалпымен жапырақты бұтақтарды әрі қарай аударып тастады да:

-        Міне, ара! - деп сеңсең, жүні қырқылмаған
марқа қызыл қозыны артқы сирағынан көтере берді. Орнымда таңданып тұра қалған
менің көзім, марқаның бауыздалған тамағына түсті. Марқа еліп қалған.

-        Бұ не?! -дедім мен Қайыркеге.

-        Ара!

-        Ара деген осындай бола ма екен?

-        Сен мұны айтасың, бұдан да үлкені
болады.

-        Түсінікті,- дедім де, жүре бердім.
Қайырке жүгіріп кеп, мені иықтан ұстай алды.

-        Қайда барасың? - деді ол.

-        Мен мұндай араның балын жей алмаймын,-
дедім мен.

-        Рас айтасың ба, әй? - деді ол.

-        Рас!

-        О, қойсайшы! - деп Қайырке маған қалжыңдайын
деп еді:

- Қойғаны сол,-
дедім мен, бұлқынбай,- егер, сен мұны істейтін болсаң, мен ертеңнен бастап
үйіңнен кетем.

Қайырке мені
босатты да, қалшиып тұра қалды. Мен де тұра қалдым... Екеуміз үнсіз аз уақыт
бір-бірімізге қарасып тұрыстық.

-        Сен, мына қозыны айтасың ба, ей? - деді
Қайырке менен бұрын тіл қатып.

-        Айтпаймын,- дедім мен.

-        Екінші қозыны ше?

-        Мен саған айтып тұрған жоқпын ба,
«үйіңнен енді кетем» деп.

-        Егер, қозы ұрламасам ше?

-        Онда кетпеймін.

Қайырке аз
ойланып тұрды да:

-        Бұ қозыны қайтеміз? -деді.

-        Қайтсең де еркің. Бірақ мен етін жеу
түгіл, сорпасын да татады деме!..

Ақыры екеуміз
былай келістік. менің қасымда жүргенде Қайырке енді қайтып қозы бауыздамайтын
болды. Мына қозыны ол немере ағасы Ізтөленің Дүйсембайына бермек болды.