ВЕРНУТЬСЯ

Өмірді өлшеймін мен өз бағаммен,Адамнан жылы-жылы сөз бағам мен.Әлдекім тасыр мінез танытса егер,Әруақты бабамдай боп қозғалам мен.Ұғысқан жандарменен ашық кетем,Көңілдің от-жылуын шашып кетем.Ізгі бір сезімімен тілдескендіКіршіксіз пейіліме ғашық етем.Ешкімнің ермесем де жетегіне,Достармен шыңдарды асып кетемін де!Өмірді өле сүйген өрен едім,Пәниден патша-күймен өтемін де!Өзімді тар ортада қор санаймын,Топасқа ашылуды ар санаймын.Жанымның тылсымдарын ұға алмайтынЖандарға жұғыспауды жөн санаймын.

Автор: