ВЕРНУТЬСЯ

      Өсті,
онда, біздің үйден ұшты бәрі,

Шетінен оқымысты
күшті бәрі.

Үлы Абай төрінде
отыр барлығының,

Алысқа аттанған
жоқ Пушкин әлі.

Күн дағы
шығарады атын бардың,

Таяу ма бақытқа
да жақындар күн.

Ақынға бала
болып өскендіктен,

Сүйеді әулиесін
ақындардың.

Бәрі де болсақ
дейді адам мықты,

Келмейді көтерткісі маған жүкті.

Сүйеді барлығы
да биіктерді,

Жүреді шам ғып ұстап адалдықты.

Арманшыл
жүректегі қанды ойнатып,

Көңілді, намысты
да айғайлатып,

Солардың
адамдарға көмектесіп

Жүрегенін көру маған қандай бақыт.

Етекте қанат
қаққан қала ма әулет,

Бәрін де құрметтейді жаңа дәулет.

Тәтті ойдың құшағына кірем үнсіз

Міне, осы бізден туған балалар деп.