ВЕРНУТЬСЯ

      Өзгеріп шыға келіп өмір бірден,

Қалмады
дейсің, қалқам, көңіл кімнен.

Әп-сәтте алабұртып
төңірегім,

Қаншама еңіредім,егілдім
мен!..

Қамығып көрмегендей бірі мендей,

Кешегі
қатарласым  бүгін ермей.

Әп-сәтте
қала берем шөгіп іштей

Көңілім
бордай болып үгілердей.

Тірлікте нала да бар,жала да бар,

Шақ та бар
жұрт ішінде дара қалар.

Амалсыз өзін-өзі оққа төсеп,

Жүрегің жазылмастай жараланар.

Аямай сен де
бүгін тілімдедің,

Оған да бүлінбедім,
бүгілмедім .

Неғұрлым жарам
ауыр болған сайын,

Шығып жүр
ашығырақ үнім менің!

Ағаңды алдамаған
бүгінде кім,

Оған да
бүлінбедім,түңілмедім.

Көңілім қалған
сайын ,барған сайын

Өтімді бола түсіп
жырым менің!

Сен де бірі сияқты ең сүйкімдінің,

Көкірегі
көрікті күй тілдінің.

Осы араға
келгенде жасып-ақ тұр,

Қашып-ақ тұр,
қайтейін, ұйқым бүгін.

Арғы жағын,
ажарлым, байыпта да,

Енді мені бекерге
айыптама.

Бір керегім болар
деп жүрген едім

Жүрегім мен
жанымды жайып қана.

Жүрген едім болар деп бір керегім,

Ашып
айтып, оған да үндемедің.

Қадірімді білетін
сен болмасаң,

Сөзім өте қойыпты
кімге менің.

Сауығы аз да бұл
күнде, ауыры көп,

Бара жатыр
көңілдің дауылы үдеп.

Ойлаушы едім
өзіңді күй тілдінің,

Сүйкімдінің
ішінде тәуірі деп!...

Жүйрік еді демесең баптауы кем,

Жалғандыққа
жасымнан жаттау ұл ем.

Өзің айтып
жүргендей,мен де, қалқам,

Ер-азамат ішінде
тәп-тәуірі ем!...

Ардан аттап кете алмай, жардан аттап,

Түнде көріп түсімде,таңда мақтап.

Айналама қарамай,
айнаға да,

Қайда бара
жатырмын қаңғалақтап?!