ВЕРНУТЬСЯ

«Платон - менің 
досым,  бірақ  ақиқат 
одан  да  қымбат».
Аристотель
Бел  жазбастан,
тыныстап,
тынықпастан,
Саз  балшықтан,
мәрмәрдан,
құмық  тастан...
Дастан  жазып  жүрді 
ол
бір  сәт  үшін
Бар  өмірі  өтерін 
ұмытпастан.
Батпан  парыз  түскен 
бе  бағына  тым? -
Сұлулықтың  дұға  қып  лағыл  атын,
Іздейтін  де,  табатын,
тапқан  сайын
Одан  бетер  тағы 
да  сағынатын.
«Мен  ешкімнен  мүсіркеу 
сөз  күтпеймін!»
(Беріктігін  бұл  серттің 
сездік  кейін).
Деген  оны  жеңген 
де  сол  дерт 
еді
Бойлап  енген  кеудеге 
кездіктейін.
Күн  демеді  ешқашан, 
түн  демеді,
Бейнеті  мол  тірлігін 
тілдемеді.
Салпаң  құлақ  салғыртқа  үндемеді,
Салтанат  күн  кешкенді 
күндемеді.
Жылдар  өтті,
өтті  айлар  жамыраған.
Санамады  бірін  де  тәңір
- адам.
Толтырғысы  келгендей  сұлулыққа
Мынау  сәби  дүниені 
қаңЖаһандағы,
ел-жұрттың  ішіндегі,
Өңі  түгіл,
бір  көрген  түсіндегі
Арулардың  бәрін  ол  маңдай
тері
Моншақтап-ақ 
отырып  мүсіндеді.
Тамсантқанмен 
сан  жүздің  арай  нәрі,
Ақын  жаны  жай  көзден  қарайды 
әрі.
Сосын  болар,  кей  мүсін  жанып 
тұрса,
Шықпай  қойып,  қинайтын 
талайлары.
«Көрік  тауып  бұрын-соңды 
ел  сенбеген,
Арманым  жоқ  сол 
жолда  өлсем!»  деген.
Іздеді  ол  арулар 
ажарын  да
Алгебра  табынған  өлшемменен.
Табылмасты  табуға  жан 
сап  дарын,
Ғұмыр  кешкен  сәтінде 
аңсап  бәрін.
Көрінбейтін  көзге  де  көкжиектер
Тұрған  оның  аймалап 
саусақтарын.
Ақылды  көп  жалғанда,
әдемі  көп!..
Сол  шындықтың  бұлтартпас 
дәлелі  боп
Отыз  жылда-ақ  шебердің 
кең  сарайы
Кетті  солай  әйелдер 
әлемі  боп.
Онда  бар-ды:
ақылмен  қияны  алар,
Ізгі  жүрек  тасыған 
ұяға  нәр,
Сократпен  айтысқан  Аспазия,
Талай  «суға  шомылған 
Дианалар».
Онда  бар-ды:
тұрғандар  назын  айтып,
Көркін  тасқа  қойған 
да  жазып  айқын,
Құрбандыққа  бас  тіккен 
Антигона,
Алкесталар  қайғыға  қажымайтын.
Онда  бар-ды:
жетектеп  қиял  епті,
Тірісінде-ақ  көргендер  қияметті,
Джульетта 
келмеген  өмірге  әлі,
Сағыныштан  өртенген  Фьяметта...
Санама  сен  аңыздың 
басына  ұрып,
Уақыттың  да  айтпағын 
жасына  ілік.
Келген  шығар  сұлулар 
мында  отырған
Кейбір  алау  көздерден 
жасырынып.
Болмай-ақ  та  көріпкел, 
оқымысты,
Сезер  едің  мынау 
бір  өкім  істі:
Ай  дегендей  ажарлы 
арудың  да
Бірер  міні  болатыны 
өкінішті.
Бар қайратын  ұстанған  төзім 
етіп,
Бар  алауын  ұшырған 
сезім  етіп
Пракситель  қас қағым  бір-ақ 
сәтте
Сол  шындыққа  отырды 
көзі  жетіп.
Содан  болар,  бел-жонын 
қайыстырып,
Қалмағандай  басқаша  сайыс 
түрі,
Жинады  да  ең  соңғы  күш-қуатын,
Бір  тәуекел  бастады 
Маэстро.
Таңдантып  ол  жер  үсті,  ел 
арасын,
Тұрса,  әрине,  көзіңе 
сене  аласың.
Бар  бейненің  ең  сұлу  ажарын 
ап,
Соққан  екен  содан  өз  Венерасын.
Ақиқат  де,  жалған 
де, -
кім  де  ерікті!
Сезінбейді  жұрт  біткен 
күн  көрікті.
Солай,  қырық  жыл  күткен  арманнан 
да
Сорлы  шебер  тағы 
бір  мін  көріпті.
Маржан  болып  парасат 
елегінде,
Берік  байлам  келсе 
еді  керегінде.
Бұл  жолы  да  қинаумен  шыбын 
жанды
Тұрды  бір  ой  көңілдің  тереңінде.
«Пендемін  ғой! -
жауым  сол  күндес 
менің.
Әйтпегенде  бекер  боп 
тілдескенім,
Тек  қиялдан  басқаны 
қолыңа  ұстау
Мүмкін  емес  екенін 
білмес  пе  едім!
(Содан  ба  екен 
бақытқа  қанбайтының!).
Аңсасаң  да  мәңгілік 
алмай  тыным,
Дүниеде  қапысыз,  кемел 
көрік
Ұққан  жөн-ау  жаралып 
болмайтынын...».
Ақыл-ойдан  ұшқыр  жоқ  қарасақ  тым,
Сабағы  да  қызық  қой  дана 
шақтың:
Ақиқатты 
іздейміз  таптырмайтын...
Салтанаты 
жасасын  парасаттың!