ВЕРНУТЬСЯ

Һәм Досан батырдың абақтыдағы арпалысты сәттері(һәм ақын Рахат Қосбармақов ініме) «...батырлықты, мәрттікті қатты қастерлейтін елдің Батырлық жырының қаһарманының қылықтары қалай болғанда да сол елдің салттық- дәстүрлік шеңберіне сиюы қажет, сөйтіп, өзін жұртқа жексұрын көрсететін қылықтан аулақ болуы керек.Жұмат Тілепов,филология ғылымдарының докторы. х        х        х ...Сонда Досан сөйледі:-Уайым айтпа маған, деп,Рұқсат етем саған деп,Сүйегім тұтам қалғанша,Қайыспаймын бас ұрып,Ойлама мені бас иіпПатшаға барад деп,Хауіп етпеймін дұшпаннанАжалдан бұрын алад деп.Мен аруананың баласы,Мыңқ етпейтін нардаймын,Иығымды кессе де,Қапталымды тессе де,Ауыр жүкке болдырман,Бес қару белде тұрғандаШыбын жаным сау болса,Етегіне дұшпанныңБасымды салып қор болман.Айырылмаса көк тұлпарБұрынғы шабыс қарқыннан,Әлі де жауға алдырман,Етіме таңба салдырман.Кем болған жоқ атағымҚарсының ұлы Тарғыннан.Серттескен жолдас сен едің,Арыстаны елдің мен едім,Дұшпанның есін тандырған.Халық айтты, бізді батыр деп,Енді барсақ бас ұрып,Айтпай ма бізді қатын деп,Бұл айтқан сенің сөзіңдіТыңдамаймын мақұл деп... ...Неверский деген бір оязСотталғанда айтулы:-Берем,-деп саған қысымды-ай,Патшаға мен жазам деп,Таудай қылмыс ісіңді-ай.Сонда Досан айтулы:-Таусылған жоқ қайратым,Алдап, арбап ұстадыңҚан төгісіп қастасқанСен едің менің дұшпаным.Ат үстіне мінген күн,Бойыма қару ілген күнАқ алмасты суырып,Заманасын қуырып,Әскеріңді қырған мен едім.Өзіңдей ояз РукинҚаза тапқан сүңгімнен,Солдатын қырдым бір жүргенАт жүйрігін ойнатып,Ақ сүңгіні бойлатып,Ойран салған мен едімӘскеріңді бүлдіргенЕнді жоқ менің арманым.Ақ сауытты жамылып,Алмастан қару тағынып,Мінуге тұлпар таңдадым.Ломакин генералыңныңЖасқанбай атқан оғынанБөрідей тартып қоңынан,Жүрген жолын қандадым.Қапы қалма боқ солдат,Талайыңды қандадым! Сәттіғұл Жанғабылов.(«Досан батыр» толғауынан үзінді, 1939 жыл) Досан батырдың тұтқындағы монологы(Үзінді)...Жығылып жалы жалынның,Сарыуайымға салындым.Тұтылды шіркеу тағы даТерезесіне жанымның.Сейіліп сергек сенімім,Жылауық бұлттай көңілім.Өңменім-бәсең, өң-өлі,Жел үрлегендей желігім.Көрешегіме көнсем де,Келешегіме сенсем де,Көңілімде – мұң, көзде – дым,Етекке кетті еңсем де.Жанымда жанбай жалыным,Ей, өмір-аяз қарыдың.Беретіні жоқ безбүйрекБедеу тағдырға налыдым....Көргем жоқ өмір молдығын,Тым ерте қурап, солды гүл.Соңы жоқ сордың сорасынСораптап ішкен сорлымын...Рахат Қосбармақов. Сәл шегінісТұлабойдан бұрқанған дауылды леп,Алдаспанға санаушы ем жалын жүрек.Боз ботадай жырларың боздап кетіп,Өзекті өртер өлеңің жанымды жеп...Төзбесімді білмеймін, төзерімді,Ағат ойға аһ ұрмақ ақын жүрек.Арпалысқан патшамен кезеңімдіЖазсаң етті «хас батыр қағынды!» деп.Түңілдірдің...Түрменің торы ішіндеСарыуайымға мәрт Досан салынды деп?!Алысқан Ер Намыс пен Ар үшін де,Мойынсұнып тағдырға бағынды деп?!Ұлы өнердің мұраты – рух себу,Рухсыз ой айтпас ем жағымды деп.Рухсыздық дертінен ұрық төгу-Қоздырып та кеткендей қанымды кеп...Кінәлама әрі іні, әрі балдыз,Түйреді деп ащылау Ғалымды көп.Ақындардың десек те бәрі жалғыз,Айтатұғын әр ойға ақыл тірек.Адай деген халықта әлсіздер жоқ,Айта алмас жан патшаға бағынды деп.Адай деген халықта қансыздар жоқ,Астамсыған Рукиннен алынды кек.Адуынды күй кешкен ата-баба,Ерлер сөзі: «Ел үшін қаныңды төк!»Ей,Рахат, рухыңды аласартпа,Артық айтсам, сындырма сағыңды тек! х            х             хБойға біткен дем беріп нар талабың,Дүйім елдің «АР»-ын сен арқаладың.Бабаң Досан, Дихан мен Орақ, Алғи,Жүрсің жалғап Бүгінмен тарпаң атын.Дүйім халық жүгінсе бабаларға,Жөніміз не қиясқа жалтаратын.Мынау жатқан көл-көсір дала барда,Заман туды жыр-нөпір ақтаратын.Уақыт жетіп емдеді жараны Алла,Бабалармен шақ туды мақтанатын.Бабалар-ай, түсірмес арға таңба,Езді көрсе, от жанар шоқтанатын.Ақкөздігі атойлар арда жанға,Абай келіп, патшаң да сақтанатын.Тым биікте шоқтығы – дара тұлға,Келді кезең «Досан!» деп жар салатын.Келді кезең қиялдың қанатындаЕрлік ізбен Ертеңге аттанатын... Тарпаңдықнемесе Досанның тар қапастағы күңіренген сәттеріАрқалап шер мен шеменді,Түссем де торға мен енді,Таспа тілім жонымнан,Кескілесе де денемді,Бас иіп кетпен ар сатып,Бас имеу – түпкі мақсатым.Сындырса-дағы опырып,Қабырғаларымды қаусатып.Шығарман тамшы жасымды,Түңілтіп дұшпан-қасымды.Алдында тізе бүкпеспін,Алса да кесіп басымды.Елінің болған тірегі,Біз едік түздің түлегі,Қатепті қара нарлардың –Езіле бермес жүрегі!Ерлерге сенім артқанда ел,Жолбарыс сынды жортқан ек.Жасанған қару-жарағын -Жасқанып жаудан қорықпап ек.Кетпеуі үшін басынып,Көтердік басты ашынып.Дүрлікті өңір, дүрлерім,Теңіздей болып тасынып.Кешірмес өзге өктемін,Шегінер жай да жоқ тегін.Қасқайып қарсы алдық бізПатшаның зеңбіректерін.Атойлап жауға аттандық,Жеңуге тапап шақ қалдық.Қол бастаушы РукинніңҚылышпен басын шапқанмын.Салуды үрей жөн көріп,Сүңгіме алдым өңгеріп.Сұсымнан қашқан көп әскерТалқаны шықты сенделіп.Күш басым дұшпан үрікті,Бастадық ойран-бүлікті.Айласын ақыр асырып,Салғандай жауыз құрықты.Сарқылып, қалмай амал түк,Түрмеге келіп қамалдық.Азаттық үшін алысқанЕсіл ерлерге саналдық.Жойсақ та талай жендетті,Көкейде арман, кек кетті.Арыстан туған арыстар –Елдік намысты бермепті.Ездікті Адай сүймеген,Ешкімге басын имеген.Сүйкеніп келген сұстының,Қашырып құты-ұсқынын,Сүңгімен шаншып, түйреген.Тектілік тіннен таймапты,Жігерін дәйім қайрапты.Бөгдеге бере салмаған –Маңғыстау – маңғаз байтақты!!!Беу, туған жер, ұлы өңір,Жасымай ғұмыр сүре біл.Ертеңге жарқын жол ашар,Бұғауға түскен бұл өмір.Мен өлермін, өлермін,Түскенін басқа көрермін.МӘҢГІ ӨШПЕС РУХ боп,Айналып қайта келермін.Сүйемін туған елімді,Сүйемін туған жерімді,Қия алмай барам баршаңды,Қарулас серіктерімді.Қош болың бауыр, кең Далам,Қарасам көзім талмаған.Қапияда кетсем ғайып боп,Тақпассың айып сен маған...х       х           хКетсе де ол күн келмеске,Айнала қоймас елеске.Тәуелсіздікке қол жетіп,Өрледік биік белеске. Ақпатша тақтан құлады,Ленин «көсем» сұлады...Қос батырға ескерткіш-Ақкетік...Жартас ұшары... Иса тұр жарқын жол нұсқап,Досан тұр намыс, Арды ұстап!Ерлердің рухы оянды,Қалды артта дәуір тар-қыспақ. Замана жүгі артылса,Төрелік дәстүр би қуса.Найзамен елін қорғайтын,Досандай тусын Ер туса! Жырлаған дүлей шақты бұл,Жанғабылұлы Сәттіғұл!Бабаңнан, Қазақ, тәлім ал,Баянды болсын тақ-тұғыр!

Автор: