ВЕРНУТЬСЯ

"  1922 жылы 15 сәуірдеСолтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы (қазіргі Жамбыл ауданы), Аманкелдіауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, біршама уақыт өз ауылыныңорталау мектебінде мұғалім болды. Армия қатарында қызмет атқарды. 1942-1943 жж.Преснов аудандық комсомол хатшысы, 1942-1945 жж. "Ленин туы"газетінде тілші, әдеби қызметкер. 1950 жьшы ҚазМУ-дің филология факультетінүздік бітірді. Содан кейін республикалық жастар газетінің Қарағанды облысыбойынша тілшісі, 1952 жылы "Әдебиет және искусство" журналының бөлімбастығы, Қазақстан Жазушылар одағы проза секциясының меңгерушісі, 1955 жылы"Қазақ әдебиеті" газеті бас редакторының орынбасары, 1958-1960 жж.Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 1970-1975 жж. Қазак КСР Мәдениетминистрлігі репертуарлық коллегиясының бастығы болған.{mospagebreak}"Болашаққажол" атты алғашқы романы 1953 жылы жарық көрді. Бұл туынды кейін"Инеш" деген атпен орыс тіліне аударылды. "Өмір нұры" аттыповестер цикліне тақырыбы, идеясы жағынан өзекті бір желі, бір нысанағабагындырылған алты повесть - "Мезгіл", "Қарғаш", "Өмірнұры", "Ит ашуы", "Мәжнүн тал" кіреді. Олар шетелтілдеріне әлденеше рет аударылған."Қайдасын,Зарина?", "Қыр гүлі", "Әнім сен едің", "Марғау","Төрт бойдақ, бір қыз", "Өкіл әке", "Түйе көтерген","Аруана дүние" пьесалары көптеген қазақ театрларының сахнасындақойылып келеді.Үнді жазушысы Р.Тагордың "Күйреу", "Гәуірмақан" романдары мен "Алтынсағым" деген атпен жарық көрген әңгімелер жинағын, Л. Толстойдың"Альберт" повесін, беларусь драматургі А.Макаеноктың "Трибуналын",француз композиторы Эрве мен драматург А.Мильяждың "Түлкі бикеш"комедиясын аударған."Жыл құсы"повесі 1974 жылы ВЦСПС пен КСРО Жазушылар одағының жұмысшы тақырыбына арналғанконкурсында жүлделі орынға ие болды. Ал Р.Тагордың "Күйеу" романыныңаудармасы үшін 1984 жылы Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығын, "Ағалардыңалақаны", "Әдеби толқындар" атты кітаптары үшін 1988 жылы республиканыңАбай атындағы Мемлекеттік сыйлығын алды. 1992 жылы Қазақстан РеспубликасыныңХалық жазушысы құрметті атағына ие болды."Отан","Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталды. Қызылжар (Петропавл)қаласының құрметті азаматы.  "

Сафуан