ВЕРНУТЬСЯ

Түрікмен елінде қазақ тілінде шығатын“Жұмысшы” газетінің қызметкерлерінеБас қосулармен, бұл өмір,қоштасулардан құралған,Маңғыстау болып қол бұлғап,шақырды мені бір арман.Жаңғақта жүріп жыр аулап,өлеңнен өрім өріп ем,Мұнайдың елі –Маңғыстаушығарар ма екен құмардан?!Көргендей бүгін, қараймынқия алмай жүрген далама,Туған жер, мені жетесіз,сабырсыз ұлға санама.Сәттілік тілеп сапарда,тілеулес болып жата гөр,Өлеңнен басқа ем қонбасқияли болған балаңа.Қия алмай тағы барамынқаламдас, бауыр, достарды,“Жұмысшының” бүгінгі көркі -қаламы жүйрік жастарды.Қоштаспадым оларменкездесіп тұру жазсын деп,Есімдерін қайталап,қайталағандай жақсы әнді.Еске алып мені жүріңдер,тілеулестерім, ағайын,“Қара алтынды” өлкедеөлеңнен отау соғайын.Маңғыстау жері қашаннаншайырлар елі атанған,Мың шырақ жанған өлкегебір шырақ болып барайын...                                              17.08.1985.