ВЕРНУТЬСЯ

       Сенің туған
күнің, досым, білем оны,

Аспан толы құстардың кіл әуені.

Алатаудың да
басынан қар арылып,

Қариямның
болғандай тілегені.

Шытынады қабағын
жаймен қайғы,

Обал-ау деп
біздерге ойланбайды.

Мұқанжанның жалауы түсірілмей,

Сенің туған бұл күнің тойланбайды.

Келді, кетті,
қайтесің, ауыр сол шақ,

Көңілге бұлт үйді де, көзге моншақ.

Балалардың,
Едігеш, ендігісі

Бәрі түгел өзіңді тұрсын қоршап.

Тазы қуып,
қашардай түлкі көлбеп,

Көңілдерді ашардай күлкің емдеп.

Келесі жыл,
амандық болса егерде,

Жетпісіңді тойлаймыз бүкіл ел боп.

Аз бере ме
Жаратқан, көп бере ме,

Келесі жыл
мінерсің ақ кемеге.

Менің туған
күніме неге биыл

Келмеді деп Тұмашым, өкпелеме.

4 июнь, 1903