ВЕРНУТЬСЯ

Жұпар исі бұрқырап кеп ауада,Сезім – жаңбыр селдетіп бір жауар ма?!Ер мен әйел бір-біріне ынтықса,«Кінәлі» оған Адам-ата – Хауа-ана.Бәрі, бәрі... Алладан:Жаратушы құпиясына таң қалам.Көз арбаған сән-салтанат бар Ғалам.Адам-ата – Хауа-ана,Жұмақтағы ұрлап жеген алмадан –Сезім пайда болыпты.«Алдағанға, арбағанға ерме – деп.Жүзімдердің неше түрін терме –деп.Сұлулықты, әсемдікті көрме – деп.Сұрағанға ешбір жауап берме» – деп.Айтқан сөзді ұғынбаған екі жан,Топ еткен соң Жерге кеп–Төзім пайда болыпты.Көңіліңе түй мұны:Сезім деген білсеңіз –Көк Аспанның сыйлығы.Төзім деген білсеңіз –Қара Жердің сыйлығы.Қара  Жер мен Көк АспанБір-бірімен таласқан,Бір-бірімен санасқан.Не түсіндің сөзімнен?Айналайын көзіңнен.Жаралыпты махаббат,Сезім менен Төзімнен.Соны ұққын...