ВЕРНУТЬСЯ

       Мұз боп қатқан алты ай қыс

Көл қүшағын
қазға ашқан.

Шағаладай шаңқай
түс,

Жатыр еріп жазғы
аспан.

Көзге әсте
шалынбай,

Сиқырлы бір
жаңбыр боп,

Қыстың қалған
қарындай

Ериді аспан ақ нұр боп.

Жер мен көкке
жағалай

Шұғыласын құйып тең,

Мархабатты
анадай

Күн қарайды
биіктен.

Балқытып от
сезімге

Бұл дүниенің ой-қырын,

Шаңқай түстің
кезінде

Сөйлейді үнсіз ойлы күн.