ВЕРНУТЬСЯ

       Шаттығыма,
бөленіп күйігіме,

Келе жатырмын-ау
мен биігіме.

Шағаладай аппақ
боп алдымда тұр

Мен аңсаған
арманның үйі міне.

Үйім де аппақ,

о, менің көңілім
де аппақ,

Шалқиды ылғи,
болған жоқ көлімбатпақ.

Бақыт тапқан
басыма жан емеспін

Ала жібін
берудің өмірде аттан.

Таңым атып
көрген жоқ арайламай,

Артжағыма жүргем жоқ қарайламай

Аллам өзі не
берсе, алдым соны,

Көп демедім,
аз-ау деп және ойламай.

Харакеттен
көргем жоқ мүлде босап,

Мініп мен де
жүргем жоқ күнде қос ат.

Елім үшін
қуандым ертеңгісін

Ойлап қимыл
жасаса, бірге жасап.

Қосу үшін
бәйгеге ой баптадым,

Кешегі елім
жасаған тойды ақтадым.

Бір қазақтың жұлдызы жанды десе,

Өз жұлдызым жанғандай ойнақтадым.

Халқым, саған
қызмет ете білдім,

Сыбағасын жегем
жоқ бекер ұлдың.

Бір қазақтың аты
озып келді десе,

Өзім атым
озғандай көтерілдім.