ВЕРНУТЬСЯ

Кезің көп-ау басыңнан құт аунаған,Ошағыңда от бықсып, тұтанбаған.Қазақ деген болса егер алып емен,Балта-заман аяусыз бұтарлаған... Бұтарланған бұтақтан көктедің де,Төтеп бердің тағдырдың өкпегіне.Бүршігіңді қызғыштай қорып бақтыңЖетсе екен деп көкпеңбек көктеміне. Көктем, мынау-топырақ емен өскен,Төсінен саған дәру-самал ескен.Тамырыңды жібер де тереңінеТыныста қуат тауып уақыт-көштен. Қатал заман кәрінен шетке айдалып,Кезіңді ұмыт аулақта өткен налып.Жат топырақта бұтағың бүр жарғанменТамыр тартып, емен боп өспейді анық...