ВЕРНУТЬСЯ

            Шие теріп
орманнан,

Қалдым түнге кешігіп.

Таба алмадым
жолды алдан

Күндіз жатқан
көсіліп.

Орман шырмап
жібермей,

Тарта берді
түбіне.

Көрген кісі күлердей

Түнде адасқан
түріме.

Нем бар еді
сонырқап,

Деймін іштей
күйіне.

Ойда жоқта
болдым тап

Орманшының
үйіне.

Жетіп әрең
батылым,

Тарттым жібін
есіктің.

-        Бұл
кім? - деген ақырын

Қыздың үнін
есіттім.

-        Шие теріп келем, - деп,

Жөнімді айттым
қысылып.

Сұрамады ол тереңдеп,

Етіп
иба-кішілік.

Үйіне қыз
кіргізіп,

Шырпы тартып,
шам жақты.

Мені көзбен бір
сүзіп,

Оң жақта бір шал
жатты.

Жайды сұрап болғасын:

-        Жатырмын, - деп, - тұмаурап,

Кетті ұйқыға орманшым,

Сол жамбасқа бір
аунап.

Орманшының қызы
жүр

Шай қоюға
қамданып.

Піскен шие жүзі
бір

Күреңіткен
қанданып.

Қыз алдында
қысылдым,

Сөз таба алмай
жүйелі.

-        Алыңыз, - деп ұсындым

Албыраған шиені.

Қыз тигізіп
ерінді,

Айтты:

-        Қандай тәтті, - деп.

Мен үшін ол
көрінді

Шиеден де
тәттірек.