ВЕРНУТЬСЯ

     Соғыс жолы
дауылмен,

Оқпен,

отпен теңселген.

Шақырым емес,

адыммен

Соғыс жолы
өлшенген.

Адым - ерлік
өлшемі,

Адым - өмір
кепілі.

Адым - бүкіл жол
шегі,

Адым - жеңіс
көпірі.

Өтсең соны тік
басып,

Жақындайсың
ауылға.

Қашсаң содан құт қашып,

Құлағаның қабырға.

Соғыс жолы
оң-солда

Жатты от боп
жалындап.

Жорық шекті сол
жолда

Бүкіл Отан
адымдап.