ВЕРНУТЬСЯ

(Лирикалық толғау)         І. ТОЛҒАНЫСТалай күн өтіпті беу, демде,Зымырап садақтың оғындай.Бір сезім маздады кеудемде,Ып-ыстық сексеуіл шоғындай. Қаншама жүрдім мен толғанып,Қаламды жүгіртпей қағазға.Әлемде тек қана сол ма алып,Мұхаммед Әлидей жан аз ба! Куәсі секілді көп шердің,Елестеп түтіккен тұр өңі.Ойымды тербеген, боксердің,Азаттық аңсаған жүрегі! Туар ма ол жайлы оңды өлең,Жеткізе алам ба сөз қылып.Әлде ескі таптаурын жолменен,Қайтам ба табанды тоздырып. Айтылар ойларым арайлы,Шымырау құдықтай тұрды өніп.Торлаған сезім – бұлт талайғы,Нөсерлеп жаушы бір жыр болып!ІІ. МҰХАММЕД ӘЛИДІҢ МОНОЛОГЫСырласам мен іштей өзіммен,Боксерлік кім білсін, сор, бақ па?!Әйтеуір қаршадай кезімнен,Тәнтімін осынау қолғапқа. Қойса анам қуанып о баста,Атымды Кассиус Клей деп.Бәлкім бұл өзгеге қораш па,Аталдым «Қап-қара дүлей» деп. Қара деп кемсітіп жүр мені,Даңғойлар деміне нан піскен.Жан барда бермеймін жүлдені,Қарасын кедейлер алғыспен. Рим, Торонто, Лондон,Барғанмын, бокске боп құмар.Токио, Франкфурт, Хьюстон...Керуендей жалғасты соққылар.Жалғасты деймін-ау... Үзілді!Үзілді үміттің арқаны.Күн шалмай түрмеде жүзімді,Өтеді жастықтың әр таңы. Айдады жауыздар аранға,Көрсетті жаныма зор қыспақ.Атылар ажал боп адамға,Қайтемін қаруды қолға ұстап. Көзімде елестер тұр андап,Соғысқа шарпылған Въетнам...Келеді ұмтылып, ұрандап,Жаралы жауынгер беті қан. Әнеки, ана мұң шаққандай,Ақ селеу бұрымы тарқады.Кеудеме қадалып жатқандай,Сол шаштың ине боп әр талы...Жоқ, жетер! Бармаймын соғысқа,Арымның айқайы бұл менің.Адамдық атыма дұрыс па,Адамды өлтіріп, күлгенім?! Ей, кәззап төрелер сендерге,Соққылар тиеді салмақты.Зар болып қалмаңдар кең көрге,Өлімге итеріп солдатты. Жүргізгің келмесе араңда,Түрмеңе мәңгілік жап мүлде.Бостандық жұлдызы бар алда,Сенемін мен нұрлы ақ күнге!      III. АНА СӨЗІШаршадың-ау алқынып,Түсіпсің ғой ақ терге.Қарашығым, бар тынық,Қойдым төсек сап төрге. Сонша алаң ғып қойған нең,Жеген асым «желім» ғой.Түсің қара болғанмен,Ақтан тілеп едім ғой. Сен сайыссаң, дәт қалмай,Ауыр ойға жаншылам.Еріп кеткен ақ қардай,Жоғалады бар шыдам...Тәңірге алғыс арнаймын,Жеңгеніңде, құлыным.Қатарыңның әрдайым,Алды болып жүр, ұлым. Соққылардан шошынып,Түңілуім түк етпес.Қала көрме тосылып,Қарсы күрес, тіреп төс. Сөз бе «өлуім, менің мың»,Бойыңа күш дарысын.Езгідегі еліңнің,Ту ғып көтер намысын!IV. ЖЕТІ ЖЫЛДАН СОҢҒЫ ЖЕҢІСЖөнелді шарқ ұрып жалғанды,Кәсіпқой бокстің дүрілі.Көгінде жұлдыз боп жанған-ды,Негрдің күрескер бір ұлы. Қым-қуыт ринг алаңы,Өмірге ұқсайды ерекше.Аспанға көтеріп алады,Көзіне ілмейді керексе. Қай жақта қалдың сен қайран ән?Айқастар... Ринг, Таныс маң...Сияқты ол темірді шайнаған,Тордағы ызалы арыстан. Қанатын жаздырмай қойғаны-ау,Қыранға кигізіп томаға.Өнердің қадірін ойламау,Не деген топастық, о, тоба!Мұхаммед Әлидің сағына,Жеңіс қой, күткені жеті жыл.Күтіп тұр арпалыс тағы да,Бокске оралған беті бұл. Салбырап қолғап тұр шегеде,Бейне бір адамдай дарға асқан.Жеті жыл көндіккен неге де,Жеті жыл киілмей шаң басқан. Жұдырық кептелді қолғапқа,Алқымға тірелген ашудай.Ринг күткендей сол шақта,Жанары жарқ етті жасындай. Қайтадан арнасын тапты арман,Биікке тасы өрлеп талаптың.Жеті жыл қоймада сақталған,Тығыны атылды шараптың.Гитара, айтшы Әли мұратын,Сазыңнан сезінсін демеу көп.Жеті жыл қол тимей тұратын,Жеті ішек барады бебеулеп. Бұлшық ет, ойнашы бұлқынып,Саған да керек қой еркіндік...Тірлік пе қалуың құр тынып,Теріні жыртардай серпіл тік! ...Киншасса. Өтпекші жекпе-жек...Ағылған қарттар да, бар бала.Қалады көшеде көп тежеп,Қызылды-жасылды жарнама. Қойсаңшы жанкүйер халықты,Стадион у да-шу, қапырық.Атағы жер жарған алыпты,Жүрді Әли шалғындай жапырып.Қолдарын оңды-сол сілтеді,Қан толы көздері түк көрмей.Ақ алмас тәрізді бұл тегі,Ойнақтап қынынан шықты өрлей. Тайынбас суыңнан шешінген,Танылар сәт келді елге енді.Құлады теректей кесілген,Ышқына соққанда Форменді. Нар тұлға... алаңда аядай,«Жел» тынды. Бәрі де бітті енді.Арқадан түйетін аямай,Күзетші соққысын күткен-ді.Қасқабас күзетші жоқ тіпті,Қайда бұл?! Қарады бұрылаШарлаған жанары соқтықты,Ырзалық, мейірім нұрына. Жұрт толы ринг. Түрме емес...Кісен деп жүргені қолғап қой.Сағымдай дірілдеп тұрды елес,Өзенше тасыды толғақты-ой... ...Мұхаммед Әли... – ол да адам,Әрдайым жеңумен жүрмес те.Бірақ та теңдікті толғаған,Болашақ соққылар тұрды есте!