ВЕРНУТЬСЯ

          Сенші, сәулем;
сүйгенім сен жалғанда,

Аңсарым сен -
ойда жалғыз қалғанда.

Сен менікі, мен
сенікі болмасам,

Өтер едім
өкінумен арманда.

Маздап сүлем,
көзіңнен от жанады,

Кірпігіңнен
меруерт шоқтар тамады.

Күйресе де, күл
болса да көнуге

Көбелектей жаным
канат қағады.

Тарт езіңе,
шапағатшым аяла,

Тарт өзіңе, алшы
мені саяңды!

Күйдір, жандыр құшағыңда,
сәулешім,

Жалыныңды
жанымнан тек аяма!

1936