ВЕРНУТЬСЯ

         Бұлттар да жүзді суыт,

Сонымен келді
жөңкіп күзгі суық.

Немене, күз
келгенін ұнатпай ма,

Біртүрлі бәйбішеңнің жүзі сынық.

Аспаннан құс құлатып
мерген бүгін,

Қосады өлеңіне
жер кеңдігін.

Осы күз біздің
де өмір күзіміздің

Айтып тұрған сияқты келгендігін.

Кез келді
алыстарға жол шек дейтін,

Кез келді толсақ
дейтін, болсақ дейтін.

Кеудемді ой
басады

қалың бұлттай

Кей-кейде күннің
көзін көрсетпейтін.

Болып ем бір
кісідей заманымда,

Біртүрлі жүнжіп
бүгін барамын ба.

Алыстан жылы
шырай беріп маған,

Азайды амандасар
адамым да.

Жанымды
әурелейді кәрі қайғы,

Қара бұлт баспақ қалай жарық айды.

Ғасырдың сұлулары Тұманбайды

Бұрынғы сұлулардай танымайды.

Көңілім де дайын
емес құр мақтарға,

Ебім жоқ
ертеден-ақ ыржақтарға.

Кәрілік сұрамай-ақ үйге кірді,

Әкетпек
айналдырып бір жақтарға.

Мына күн -
күніміз ғой бәріміздің,

Досымыз -
жасымыздың, көріміздің.

Жөкенім, күзің ұзақ болсын сенің,

Сарғайтсын
сағынышы сары күздің.