ВЕРНУТЬСЯ

Бір адам,Шыға қалғандаҚыратқа биік, ең ірі –Таушық деп атай салған ба,Тау деуге қимай көңілі! Мен үшін шыңсың жаһанда,Қиялды тұрған өрлетіп.Бастайды алыс сапарғаЖүректен саған жол жетіп. Өмірге келіп, ер жеткем,Өзіңнен ыстық жоқ мекен.Сезімді талай селдеткен,Сұлулар қайда кетті екен? Шығар ма достар қарсы алып,Жайраңдай күліп барлығы?Асығып келем ән салып,Жайқалып шаттық шалғыны. Елжірей қарап елтемін,Көрінсе Таушық төбесі –Көтеріп кетер желкенінКөңілдің жүзіп кемесі.                   ***Арқа сүйер, о, менің асқарым-ау,Жер таянар жетіпсің жасқа мынау.Қайран өмір, өтуің қас-қағым-ау,Қонақтапты күмістей басқа қырау.Көпті көрген көнекөз қалпыңменен,Ұлынды да есейтіп тастадың-ау. Тастадың-ау жан әке, толғандырып,Толғандырып, ойлы бір орман қылып!Кәрілікпен күресіп болған бүлік.Кетсем дейсің жосылған жол қалдырып,Қиялданып кей-кейде қоясың ба,Бал шақтардан баяғы шөл қандырып. Отқа оранған қайырылмай өтті күндер,Өтті күндер, жұпарын төкті гүлдер.Естелік бар, кейпінде кекселік бар,Жалын атқан жастығың жоқ бүгіндер. Дана да сен, мен үшін құдірет сен,Сиынғаным ол саған-күбір етсем.Жықпай, әке, аманат желкеніңді,Арман не, өмір көлін жүзіп өтсем!?