ВЕРНУТЬСЯ

Қонады басқа қар да ұлпа,Солады бір күні гүл өңім.Періште сәби қалпында,Қалады жалғыз жүрегім!..         ***Өршісе дұшпан өсегі,Аяқтан шалар бір күні-ақ.Тамшы да тасты теседі,Тынымсыз тұрса ұрғылап.          ***Жалындап жастық жүр оты,Қадірін кештеу ұғармыз.Сағынтар сонда: жүректі,Шымырлататын шынар қыз.         ***Қалады-ау көңіл кетіле,Жүргенде жайнап, құшып нұр.Ақ сүттей сезім бетіне,Кеткендей қиқым түсіп бір.         ***Қалмассың осы қалыпта,Өзгерер бәрі, өзгерер.Қадірің қанша халыққа,Қарттыққа жетсек көз көрер.         ***Мінезіміз әрқилы деп кеңесте,Беретіндер бар-ау орын егеске....Қос ішектің екі түрлі бұрауы,Бір қосылып, күй шертеді емес пе?!.         ***Шарлап, ғұмыр-шақырымды жүздеген,Гүл-өмірдің жұпар нәрін іздеген.Аңдағанға әрі тәтті, әрі ащы,Бал арасы сияқтымыз біз деген!..         ***Өзім жоқта, домбырам да құр тілсіз,Бір тартылар күнін аңсап тұрды үнсіз.Кейде осы домбырадай түнерем,Жүрген шақта, жалғыз қалып құрбымсыз...