ВЕРНУТЬСЯ

           I

          Ел аузында
ертеректен,

Ертек болған
қызық кептен

Бір әңгіме есімде
бар.

Айтып соны
баяндайын,

Ерінбейін,
аянбайын,

Тыңдау үшін кел,
балалар!

Бес жүз жылдар
шамасында,

Сонау Ертіс
жағасында,

Болған біреу
Саржан атты.

Даңқы шыққан
мерген екен,

Талай жерді
көрген екен,

Сүйіпті жұрт сол
қазақты.

Жұбайы да өзіне
сай,

Аты Айсұлу - ақ
маралдай

Ақша беті айменен
тең.

Көркінен де ақылы
басым

Көршілердіи кәрі,
жасын

Сүйсіндірген
қылығымен...

Айсұлудың білінді
іші;

Тілеуінде
үлкен-кіші

Күнде думан
сауық-сайран.

Аямады Саржан
барын,

Ортаға сап атқан
аңын,

Қызып жатты күлкі
мен ән.

Айы толды, күні
жетті,

«Ұл туды!» лап ел
шу етті,

Дүниеге бір бала
келді.

Отыз күндік
мерекені,

Естен кетпес
берекені

Сол ауылға ала
келді.

Ақ тілекті
дос-жарлары

Ат арытып жетті
бәрі

Қалмай адам көңлі
жақын.

Ақсақалдар қол
көтеріп,

Жас бөбекке бата
беріп,

Толағай деп
қойыпты атын.

Балғын бөбек
жетті бірге,

Ілінбесін көз бен
тілге

Кереметтен туған
жандай.

Кере қарыс, ақша
маңдай,

Күн нұрынан
жаралғандай.

Көзі түскен
таңқалғандай.

Үштен төртке
жетті жасы,

Туған айдай екі
қасы

Ақ тістері - ақ
меруерттей

Қос жұлдыздай көз
жанары,

Қос бетінен тамып
қаны,

Жалындайды жанған
өрттей.

Тым ерекше тұлға,
пішін,

Өлшеп болар емес
күшін,

Қуанышты ата,
анасы.

Бота болып
ойнағалы

Арқаласа он
баланы -

Қайыспайды
қабырғасы.

«Алып болар»,-
деді үлкендер,

Тірі болсын, туды
бір ер,

Ер жетуін күтті
халық.

Арнап келіп көрер
болды,

Керген соң көз
сенер болды;

Алыстағы ел
хабарланып.

Жеті жаста садақ
тартты,

Атқан оғы тасты
уатты,

Жай отынан кейін
емес.

Темірден де
өткізеді,

Ел осыны етті
кенес,

Еріп ескі
мергендерге,

Әкесімен шықса
бірге

Аң аулауға - кең
даладан,

Құтылмайды қашқан
құлан

Жалғыз толғап
тартуынан.

Жан құтқармас
болды қыран.

Осындай бір
аңшылықта

Кетіп ұзақ -
айшылыққа,

Шексіз, шетсіз
көлге келді.

Мөлдір судан шөл
қандырып,

Алайын деп
көзімді іліп,

Әкесімен тілге
келді.

Жалғыз ұлы - көз
жанары,

Сұраса да берер
жанын,

«Ұйықта, қозым»,-
деді Саржан.

Ұйқыдағы
Толағайды

Айналады,
толғанады,

Көбелектей от
айналған.

Елсіз, малсыз
көлдің қасы,

Қалың қамыс
айналасы,

Көз қызығар ұшқан
құсқа.

Оқта-текте ұн
береді,

Үрейді ала күңіренеді

Жем іздеген
жолбарыс та.

Жолбарыстың естіп
үнін,

Оятайын десе
ұлын,

Аң батырын
атқызбаққа;

Сабырсыз боп қызбайын
деп,

Тәтті ұйқысын
бұзбайын деп

Өзіне - өзі салды
тоқтау.

Сол кезде бір
сыбдыр шықты,

Жалт бұрылды, көзін
тікті,

Көрді Саржан аң
палуанын.

Жортып жүріп
келіп қапты,

Жол тосқынын
аңғармапты,

0 да көріп қалды
жауын.

Оқтан ұшқыр өр
жолбарыс,

Жібермейтін жатқа
намыс.

Лақтыратьін
атандарды.

Жымитты да қос
құлағын,

Көздерінен шашып
жалын,

Жер бауырлап жата
қалды.

Сонда мерген
қатты састы,

Адамды аңның
сұсты басты,

Жолбарыстан көз
алмады.

Қимылдаса атқалы
тұр,

Қанды азуын
басқалы тұр,

Арбасуға төзе
алмады.

«Өлдім, балам,
Толағайжан!»

Деген дауыс шықты
жаман,

Атып сонда тұрды
бала.

Тырнақтарын
арандатқан,

Аждаһадай аузын
ашқан

Жолбарысты көрді
бала.

Әкесінен әл
кетіпті,

Қояр емес, жауы
мықты,

Меңдеп барад,
күші басым.

Тал шыбықтай
майыстырып,

Теңбіл шұбар
алған мініп,

Күйрететін
қабырғасы.

Толағайды ашу қысты»,

Келе кал деп,-
болсаң күшті,

Құйрығынан алды
барып

Таяқ құрлы көрмей
тіпті,

Жолбарысты дөңгелетті

Ойнағандай шыр
айналып.

Ұршықтайын
үйіргенде,

Екпінінен соққан
желге

Көк құрақтар қалды
жатып.

Әлден кейін
аспандатып,

Айдын көлге
жіберді атып,

Күмп етті де
кетті батып.

- Бұл кел деген
үлкен мысық?

Салқындады-ау
суға түсіп,

Деді бала,
күлімдеді.

Әкесі де езу
тартты,

«Мысық» жүзіп
бара жатты,

Қайрылатын емес
енді.

II

Жылдар өткен...
Жазғытұрым.

Басталды бір
жаман ырым,

Жаумай жауын
жалғыз тамшы

Ерте солды гүл-бәйшешек,

Еркін өспей
қурады шөп,

Етке тиді ауыр
қамшы.

Еккен егін өнбей
жерге,

Еткен еңбек ұшты
желге,

Ел күйзелді ем
таба алмай.

Жабырқаған жарлы
кауым

Жалбарынды тілеп
жауын,

Көк жиектен көзін
алмай.

Сезген мұны
Толағайға

Сабырсыздық болды
пайда,

Ойланады ұзақ
түндер:

«Қайтсем жауын
жаудырамын,

Ел сусынын
қандырамын.

Адал ақыл айтар
кімдер?..»

Көп етпеді. Бір
күндері

Шешесіне
еркеледі.

Отыр сұрап әр
нәрсені...

- Тағы да бар бір
сұрауым:

Кеп жауады қайда
жауын?

Білсең, апа,
айтшы,- деді.

Айғақ ете
үлкендерді

Апайтайы жауап
берді:

Деген сөз бар
-«тауда тандыр».

Қарлы, шыңды тау
жерінде,

Тарбағатай өңірінде

Үзілмейді жылда
жаңбыр.

Екі беті гүл-гүл
жанды,

Кідірмеді, жүріп
кетті.

Кеудесімен бұлт
бөгеген,

Бұлттан жаңбыр
себелеген

Асқар тауға келіп
жетті.

Таңдап жүріп тау
жотасын

Талғай қарап
орман, тасын

Тарбағатай үйірінен,

Толағайы тыңдап
алды.

Көңілі сүйген бір
шатқалды

Ұзақ ырғап бөліп
алды

Өркештенген
түйінінен,

Басындағы қарын
қоса,

Баурындағы аңын
қоса,

Шайқап бұлақ, көк
орманды,

Күшпен әрең алды
дағы,

Арқасына салды
дағы

Келген ізбен қайта
оралды.

Арқалады ауыр
тауды,

Жаншып бара жатыр
жанды,

Маңдайдан тер көл
боп ақты.

Жеткенше дем
алмайын деп,

Жарты жолда
қалмайын деп,

Шаршаса да
тоқтамапты.

Тау жақындап
қалды келіп,

Бұйраланған бұлт
өңгеріп

Таңданысты көрген
адам.

Әлден кейін
танылды анық,

Толағайлап шулап
халық,

Қуанбаған қалмады
жан.

Құйды жаңбыр, сел
боп ақты,

Күн күркіреп,
шатырлатты,

Күйген жердің
кірді жаны.

Шөлдегендер суға
қанды,

Ауыл қайта
ажарланды,

Тарқады елдің бір
құмары.

Талған дене,
жанған өкпе

Келген шыдап
сонша көпке,

Ұзақты күн сыр
бермеген.

Жетеріне жеткен
кезде,

Күн еңкейіп
шөккен кезде

Сүрінді алып
әлденеден.

Кетті құлап, тұра
алмады

Қайта қару қыла
алмады.

«Апа»,- деді
жалғыз ғана.

Тау да басып шөге
берді,

Апасы жас төге
берді

Отаны үшін өлді
бала.

Кім қалды екен
егілмеген,

Кім қалды екен
төгілмеген

Көз көргеннен
Толағайды

Күңіренді де
анасындай,

Күн де батты
шарасыздай,

Түн қап-қара
шашын жайды.

Айсұлудың
күрсінгені,

Күрсінгенде алған
демі,

Адам тұрсын тауға
батты.

'Кеуіп қалған қос
шандырдан

Күйік сүті шапшып
тыңнан -

Кілең аппақ тас
боп қатты.

Ауысыпты заман
талай,

Аталғалы тау
«Толағай»...

Соны үлкендер
ертек еткен.

Алыпты тау басып
жаткан,

Ана сүтін тас боп
қатқан

Кереді әлі
өткен-кеткен.

«Толағайдың»
төңірегінде,

Толқынданған
желмен бірге

Көк теңіздей көк
шалғыны.

Алыпты жұрт
ардақтайды

Алып атын бір
атайды

Жылда, жаңбыр
жауған күні.

1940

дос туралы

I

Бір еменнің
бұтағындай,

Досымменен өстім
бірге.

Жүректей ек
соққан тынбай,

Бір кісінің
көкірегінде.

Соққан боран,
жауған қарды

Жалаң аяқ кештік
жастан,

Тар жол талай
кейін калды,

Тарттық бірге
айнымастан.

Есімде әлі,
бетімізге -

Аққан жастан мұз қатқаны,

Беріп нанын
екеумізге,

Қайыршы шал
жұбатқаны.

Жатушы едік
шаршап, талып

Жарасып жас
балапандай.

Жатсақ-тағы тас
жастанып,

Тұрмаушы едік
ұйқы қанбай.

Кейде отырып
үлкендердей,

Кеңескенде
күншуақта,

Деуші едік: Біз,
өссе өлмей

Кім болармыз
болашақта?

Қиын еді ол
күндерде,

Жауап беру бұл
сұраққа.

Әйтсе де үміт
ілгеріге -

Жетектейтін жарық
жаққа.

Өтті күндер, өтті
жылдар,

Көресінің көрдік
бәрін;

Күйдірген от, батқан
ызғар

Бір шыңдады
достар жанын.

IV

Есейдік біз
өзгелердей,

Тани бастап кең
жаһанды,

Доғардық біз
дамыл кермей,

Аунап шаңға
ойнағанды.

Күні кеше қызыл
гүлді,

Үзіп жүрсек ермек
үшін.

Енді терер болдық
гүлді,

Қыздарға арнап
бермек үшін.

Таныдық біз туған
жерді,

Туған жерді еттік
мақтан.

Сүйдік дария,
теңіздерді

Тербетілген,
толқындатқан.

Ел екенбіз ерте
күннен,

Қарлы таумен бір
жасасқан,

Отты ақындар
өткір тілмен

Төккен екен талай
дастан.

Тыңдаушы едік
мархабатпен

Ұзақ жылдар жыршы
қарттан,

Көзімізге
елестеткен

Батырларды садақ
тартқан.

Домбыраның қос
ішегі,

Сыңсыған күй
сыбызғыдан;

Дала толған мол
ертегі,

Ақан сері
қалдырған ән.

Күнге күйген,
сарғылт тартқан,

Керуендердің көшкен
жолы;

Бейне меруерт
көкті жапқан,

Көп жұлдыздар
аспан толы,

Бәрі бізге
баяндасты

Тудыңдар!- деп
зор халықтан,

Думан өмір қойнын
ашты

Жас жандарға
жалын атқан.

Біз де үйрендік
домбыраға -

Қосып дауыс ән
шырқауды.

Сүйген ел мен сүйген
жарға

Сұлу жырлар
бағыштауды.

III

Шайқағандай жер
мен көкті

Шақырды Отан,
дабылдатты.

Қоштасатын мезгіл
жетті,

Ерттеді дос  атты-

Қимай сүйген қыз
да теңін,

Қара көзін
жаудыратты.

Құшақтатып қыпша
белін,

Қөзінен жас
мөлт-мөлт ақты.

-        Қой жылама, қарашығым,

-        Не дегенің, кім жылапты?

-        Мынау жас не мөлдіреген?

-        Күтем!- деп қыз жауап қатты.

Сүйістік біз
туысқандай,

Шіркін достық
неткен тәтті!

Жөнелді дос ақтұйғындай,-

Қазақ деген
ақтауға атты.

Тартты лек-лек
зор майданға,

Аққан селдей атты
саптар,

Қатарлана түсті
жолға,

Алдаспандай жас қазақтар.

IV

«Болсаңдар бол,
сол жігіттей»,

Деп бастады
ертекші шал.

Жүзден бір жан
қыбыр етпей,

Қалдық ұйып
тыңдаушылар!

«Желді қуып
жетеді екен

Астындағы ақ
тұлпары,

Темірден де өтеді
екен

Қолындағы зұлықарын

Сан кіріпті мың
сан жауға,

Бастап батыр
құрбыларын.

Сағағынан малып
қанға

Шығады екен
зұлықарын,

Бір күн дұшпан
арсалақтап,

Қара құрым басып
жерді,

Аянбай-ақ басты
қаптап,

Алмақ үшін
Еділді.

Күннің көзін
басты тұман,

Сол соғыста ұшқан
шаңнан,

Ат аяғын ала
алмаған

Семсерлерден
аққан қаннан.

Ақбоз атты жас
қазақ та

Аянбады ұмытты
өзін,

Еділін бермеу
жатқа

Жанындағы  жалғыз сезім.

Қашқанша жау жас
жолбарыс

Өз жарасын
елемепті,

Құлатпапты отты
намыс,

Қолтығынан сол
демепті.

Еділ суын ішті
канып,

Сөйтіп, кем-кем
жұмды көзін.

Жолдастары естіді
анық

«Қош, туған ел»
деген сөзін.

Шағалалар шулап
жылап,

Қанатымен су
сабапты,

Аққулар да сұңқылдапты

Айнала ұшып ақ,
боз атты!»

Аяқтады
әңгімесін,

Ертекші шал,
маған қарап:

«Әлді осылай,-
деді,- досың,

Тек жылама,
бекін, қарақ».

V

«Өлді деген күйдіргі
сөз,

Кетті қарып нәзік
жанды,

Үлгірмеді жылап
та көз,

Мұздап денем тас
боп қалды.

Шын келмеске
кеттің қайран,

Сенсің бүгін
сынған арша!

Кетпес бейнең көз
алдымнан,

Бойымнан қан
сарқылғанша.

Тірлігіңде
тірегім ең,

Мақтанушы ем
өзгелерге.

Өлімің де
көкірегімнен

Өргізеді өлеңді
өрге.

Иілемін құбылам
санап -

Ізіне мен бас
ұрамын,

Барлық халық етер
тауап,

Жас қ,абырыңның
топырағын.

Жас ұрпағың көп
тілдерде,

Болыпты дер
сондай бір жан,

Дұшпаның да сол
күндерде

Қорқар жалғыз
атағыңнан

1949