ВЕРНУТЬСЯ

      Туған жерім,
ыстықсың сен біртүрлі,

Бәрі таныс, бәрі
маған сүйкімді.

Өзеніңмен бердің
маған күлкіңді,

Өленіңді бердің
маған мың тілді,

Туған жерім,
ыстықсың сен біртүрлі.

Түн қанаты
түскенінде судырлап,

Жатсаң жерге құлақ қойып тың тыңдап,

Үн толқыны шыңға
соғып шыңылдап,

Қайта айналып
тіл қатқандай сыбырлап,

Түн қанаты
түскенінде судырлап.

Не деп қана айта
аларсың қүс тілін,

Күннің көзі
шашқанында ұшқынын,

Көктем келіп
қуғанында қыс күнін,

Бүкіл дала
өзгерткенде түс-түгін,

Не деп қана айта
аларсың құс тілін.

Жусаныңнан жұпар әтір алған ба,

Хош иісті өзен,
ылди, таулар да.

Гүлін атқан
бүршік жарып талдар да,

Иссу өзен жүзген
толқып аңғарда,

Жусаныңнан жұпар әтір алған ба?

Туған жерім,
ыстықсың сен біртүрлі,

Алу үшін тың
қазына мүлкіңді,

Аштық бүгін
азанменен ұйқыңды,

Боласың сен бұдан сұлу, сүйкімді,

Туған жерім,
ыстықсың сен біртүрлі.