ВЕРНУТЬСЯ

Өріліп шыққан өксікті үнің мұңменен,Сөзіңді естіп, «тірліктен түңілдім» деген...Қалғандай, құрбым, мір оғы қадалып миға,Жапырылғандай күй кештім жырым гүлдеген. Қылы қисаймас тірліктің, кете бер мүлде...Басыңды көтер, бауырым,                                      жетер, «өлдің» бе?!Кезумен жүріп құлайды, көзі қызарып,Ыңыршағы айналған көтерем – күн де... Мынадай хал-мұң, күрмеулі ғұмырға алаңсың,Ұнамай қалдың, турасы, бүгін маған шын...Оңай деп пе едің ағынды өзеннен өту,Өмір – күрес қой, қалайша ұғынбағансың?! Шалғыны солған ұқсайды іреңің күзге,Құрақсыз көлдей құлазып, күдеріңді үзбе.Сұрапыл қыстың соңынан көктем шығатын...Салмаған шығар тағдыр тек шідерін бізге! Бақыттың дәмін, бар-дағы, білгін бұлақтан,Ғажап емес пе, қарашы, құрбым, мына ақ таң!Күлерсің кейін мұныңа, білерсің сонда,Бір күн тірліктің артығын – мың күн жұмақтан... Туыңды жығып, ор қазса – оңбас, мейлі, сұм,Көтеріп алып қолтықтан, жолдас кей кісің.Тот басып, тозып қалмасын төзімің ғана,Балақтан кірген бақ,басқа қонбас деймісің!..