ВЕРНУТЬСЯ

      Тұрғандай бір гүл бағым жаңа көктеп,

Көмек керек
сияқты оған да ептеп.

Болашаққа
барыммен, базарыммен

Келе жатсың,
байқаймын, сен жетектеп.

Күнді өткізбей
қылжақтап бекер дейсің,

Жүкті бірге менімен
көтер дейсің.

Жарым болып
келіп ең, жаным болып,

Бірте-бірте басшым боп кетердейсің.