ВЕРНУТЬСЯ

      Отан үшін өлімге

Белді байлап бас тігіп,

Жапанда жанын тапсырды

Жалындап жанып жас жігіт. жігіт

Толқын шашын от шалып,

Ақша беттен нұр кетті.

Жас шағынын жазынан

Айрылатын күн жетті.

Қимай байтақ әлемді,

Көктің шолып көлемін.

Жер қойнына кірерде

Айтты ақтықөлеңін.

- Алпыстан асқан анашым 
ана

Қабырғасы сегіліп.

Көре алмай жалғыз баласын

Артымда қалды-ау егіліп.

Деді де өксіп жас жігіт жігіт

Талықсып кетті есі ауып.

Алмадай бетін бүркеді

Шапағымен кеш жауып.