ВЕРНУТЬСЯ

        Ырысқа, қуанышқа
толды мекен,

Мен оны жырға
қосып әңгіме етем.

Біз өткен сол
өмірдің

гүлдері өңкей -

Қыздар да маған
ғашық болды ма екен.

Ойласам, сол
ойлардан бақыт табам,

Талай бір гүл ұсынды уақыт маған.

Көңіл-ау
көлеңкесіз шуақ сүйген,

Өмір-ау, кітабың
жоқ оқытпаған.

Мойынын
сәндендірген орамалын

Ақырын сипамауға
жоқ амалым.

Шақырып тұрды уағым қайта-қайта,

Жастықтың гүлді
бағын араладым.

Өзіммен өзім
кейде кеңесемін,

Сол қыздар ғашық
болды неңе сенің?

Жігіттің тұлпарына жарастым мен,

Мігіттің мінгемін
жоқ көк есегін.

Болды ма
жырларымның игі әсері,

Жастықта өлең
өрлеп, күй де еседі.

Нең үшін қыздар сені жақсы көріп,

Нең үшін көп
шақырды биге сені?

Ішінен орманның
да мына қалың

Алысқа жетер-ау
деп үні ағаның.

Соншама сұлу жігіт болмасаң да,

Ол рас бір
қыздарға ұнағаның.

Күйді ғой, деп
ойлама күймеді ішім,

Басыңа бақты
өмір үйгені шын.

Есіркеп, таңда
оқылар дұғаңа қос,

Сол қыздар
жазықты емес сүйгені үшін.