ВЕРНУТЬСЯ

Жақыным да азайды, алысым да,Бейне кеткен жандаймын салы суға.Бүгін ешкім шықпайды бұл ауылданЖалаң аяқ менімен жарысуға.Ұзақ жылдай жандаймын бір ауырған,Күйбежектей беретін кінә ауырдан.Тұмашым деп бетімнен сүйетұғынТүгел кетті әжелер бұл ауылдан.Көктемдер жоқ ақын көп көп от алар,Ұшығына жете алмай көзің талар.Сәлемімді мен берген тоқтап алып,«Қай баласың?" дейтұғын жоқ аталар.Гүл теруге бармадық абат белден,Қайғым де көп бақытпен қабат келген.Ағалар да аз бүгін бұл ауылдаБізден бұрын өтетін бөгеттерден.Еркін дала қойнында елдегі үміт,Сен де ұмыт боп барасың, мен де ұмыт."Ақын қайным" дейтұғын жеңгелер деКетіп қапты бір жаққа желге мініп.Жоқ болардай шіркіндер көріне қалып,Еңсем түсіп қайтты-ау бір еліме барып.Бала күннен баяғы досым дейтінБір-екі шал жүр екен немере бағып.Шақырмайды өзіне қырқа да әу деп,Шырай бітіп жүзіңе, шырқа, дәулет.Сәлем берген бір-екі жас жігіттіШырамыттым бәленнің ұрпағы-ау деп.Қуантпадың, кәрілік, кіл мұңайттың,Ұғымсыз да жұғымсыз әңгіме айттың.Барып қайттым ауылға мен жақында,Танып қайттым осыны, біліп қайттым.