ВЕРНУТЬСЯ

       Жастар би
билейді түніменен,

Кеңістікті
шарлайды тұнық әуен.

Тұманбай, саған бидің керегі не,

Пісіп тұр ғой былжырап міне мәуең.

Бойыңдағы азайды
жігер мейлі,

Өтіріктің қасына
шын ермейді.

Жастарға еріп
бір ауық селкілдер ең,

Оған шіркін
кәрілік жібермейді.

Үміт күңгірт
сендегі, арман мұңды,

Баяғыда-ақ қар
басты тауларыңды.

Сұрамай-ақ жасыңды біледі жұрт,

Біледі жұрт қартайып қалғаныңды.

Аңқылдаған
ермейсің әнге қалай,

Көңілде күн
барында, кеудеде арай.

Жастар жанып
билесін, қызғанба оны,

Билегенсің
осылай сен де талай.

Алакөлді ол дағы
көрер еді,

Үйге тастап жөнелдің
немерені.

Енді биге қол
соғу міндетіміз,

Басқа қолдан,
Күлтай-ау, не келеді.