ВЕРНУТЬСЯ

        Жатырмын
саяжайда жалғыз өзім

Жалығар
жалғыздықтан болды кезім.

Достардың біреуі
іздеп келе ме деп,

Күн бойы жолға
қарап талды көзім.

Басымнан өтіп
жатыр нелер тұман,

Айтыла беруші
еді нелер күмән.

Күлтай да
тексеруін қойып алды,

Бір іздеп келген емес әлі артымнан.

Қайғы мен
қасіреті мол ағайды,

Байқаймын, әйел
біткен қаламайды.

Бәрі де суыды ма
Тұманбайға,

Достарым,
шақырмасам, жоламайды.

Төменде,
тыныштық жоқ жоғарыда да,

Жатырмын қарауыл
боп көк ордаға.

Аян мен
Қуаттарға сенбе, Күлтай,

Еркектік намыс
көп қой оларда да.

Байқаймын, бар
сияқты маған да аш құс,

Кілт те көп тас
құлпыны табанда ашқыш.

Қысқасы, өзің,
Күлтай, байқамасаң,

Көбейіп барады
әйел амандасқыш.

Күндер де
тосатындай маған жолын,

Қара көз
қадайтындай кеудеме оғын.

Жүр дейтін әйел
егер ұшырасса,

Жүрмейтін білесің сен еркек жоғын ...