ВЕРНУТЬСЯ

         Жазылмас дертім,

желге ұшқан көркім, ажарым,

Тарқамайтұғын тойларым, толы базарым.

Бітпейтін жырым,

солмайтын гүлім
көкпеңбек,

Ұйықтап
барамын,

тал бесігімді
кет тербеп.

Сағындым сені,

сұрасаң, сағым берер ме,

Сені де мені
дедектетеді жел өрге.

Сен жүріп бақта
жолымды күтіп әр уақта,

"Жарсу"
жаққа айында бірер келер ме ем.

Тағдырым маған
мейірімісіз болды,

бұ қалай,

Жеке батырмын,
келе жатырмын құламай.

Жыласам, тоқтай
алатын шама менде жоқ,

Сондықтан жүрем
жылайтын кезде жыламай.

Түкенім менің,

Тұмашың сенің тым жалғыз,

Сен бола алмады
туған бала да туған қыз.

Сен бола алмады
бір-екі досым ұғысқан,

Ойбайламайық,
омырауды бекер сулармыз.

Шаршадым өзім,
жүретін бүгін жол да ауыр,

Сағынып едім,
сағым ішінде қалды ауыл.

Ақ таңмен маған
бір рет бірде кел дағы,

Баяғыдай бір
оятып кетші, жан бауыр.