ВЕРНУТЬСЯ

Жер асты суы...                   тағдырың,Ойлантып мені тастады.Сезімнің төкті жаңбырын,Жанымның мөлдір аспаны. Шараға сыймас қайран шақ,Жарқ еткен күндей айдыны!Төсінде жердің сайрандап,Жанады бағың қай күні?! Шықпайсың атып,                            беу неге,Қыртысын жердің пергілеп!Бұлқынған,                  қамал – кеудеде,Сияқтымысың сен жүрек. Жатсың-ау тулап құлындай,Ынтық боп мынау өмірге.Аруға сонау, сырымдай,Айтылмай қалған көңілде...                   ***Арқаңда билеп салалы бұрым,Төгетін нәркес жанарың нұрын.Құлпырған қырдың қызғалдағы боп,Сенсің бе тартқан даланың ұлын?! Кеудемде сырлы жөңкіліп ағын,Тыңдағам таңда шолпының әнін.Шайқалған судай шелегіндегі,Сезім желімен толқыды жаным. Бақытым, бала шақтағы менің,Арманның уыз ақ таңы ма едің?!Құшаққа қысып қоштастым қимай,Даланың бейне аптабы демің. Түсімде соғып дауылды желі,Ақ нөсер ылғи жауып жүреді...Ару Алматы көшесімененКелемін аңсап ауылды, сені. Қаланың самғап күзгі көгіне,Қаз қайтты қатар тізді де, міне.Толғанып тұрмын Төлегенге ұқсап,Жетсем деп қазір Қыз Жібегіме!