ВЕРНУТЬСЯ

       Жігіттіктің
елінен кетесің-ау,

Қариялар жеріне
жетесің-ау.

Тек әйтеуір бар
болып жүре берші,

Кіп-кішкентай
шал болып, көкешім-ау.

Арқаңыздан
жағдай жоқ сыз өтетін,

Әнипашты жағдай
жоқ қыз ететін.

Мектептен де
кетіпсің,

сол кемпірді

Қызметке
келіпсің күзететін.

Күзете бер,
бауырым, сол ауылды,

Сыйлайтұғын ел ғой бұл қарауылды.

Сиыр сауып жатыр
ғой қара кемпір,

Қолың бос қой,
қоя сал самауырды.

Қатты соққан
тындайсың желдің үнін,

Биік күнің бұл сенің, белді күнің.

Жүгіресің нанға
да,

ал араққа

Жүмсамайды сені
ешкім енді бүгін.

Өз әні
бар жаңа таң, жаңа кештің,

Қыста орның
қасында қара пештің.

Ішілмейді енді
арақ бұл ауылда,

Кішірмейді
"Ал, ал" деп саған ешкім.

Ішкенің де
жегенің бәрі балдай,

Кемпірге аян
керегі дәрі қандай.

Ішетіндер арағын
әзі әкеліп,

Ас үй жақтан
қайтады,

әрі бармай.

Азаяды қатарың
қайрат берер,

Қайда ағалар
кешегі, қайда әпкелер?

Сиырды да өріске
айдап барып,

Кешке жақын
өзіңсің айдап келер.

Күшің мәлім енді
оған, халың да айқын,

Бір қамалға
кездестің алынбайтын.

Өзіңе еріп
келген қыз сонау жылғы -

Бастығың сол
орнынан алынбайтын.

Берсе Әнекең, бұл үйден ас та ішесің,

Өткізбейсің
өзеуреп жастық кешін.

.... Жетпісімен
құттықтап қояйық бір

Қайрекеңнің
ауылының жас мүшесін.