ВЕРНУТЬСЯ

Бар ішінде жарық ойнап бозамық,Түсіп тұрды жиналған топ жүзіне.Түрекелді, бір жас жігіт сөз алып,Сәл іркіліп, мұнды көзі сүзіле. «О, достарым, қаралы ғой күн бүгін,Жұмекен жоқ...                   Жұмбақ ақын жоқ енді!Жыр-отаудың жапты-дағы түндігін,Жан асылын бізге беріп, жөнелді».- Деп, солқылдап жылады-ай кеп, жылады,Біреу күлді, біреу оны түсінді.«Қошалақтан болар? – деді, тұрағы»,Шаршы жігіт, шашы кірпі пішінді. Және бірі... Жігіттен көз алмастан,Бітірмекке ниеттеніп бұл істі.Айдың күні аманында «алжасқан»,Жолдасына қарап қойып ұрысты:«Оймақтай да ми жоқ шығар осында,Қиналғандай не көрінді, көкем-ау.Нәжімеденов туысың ба, досың ба,Ең болмаса таныс болсаң екен-ау!? Осыншама жоқтайды деп ақынды,Күтпегенмін дәл мұндайды өзіңнен.Әкеңнің де сапарында ақырғы,Бір тамшы жас шықпап еді көзіңнен»,- Деген, сөзбен,                   қоса кірді жүрекке,Миықтағы кекесіннің қанжары.Түк те өнбес, айтқанменен, құр, өкпе,Қалжың-қақпан құрған құрдас, жан-жағы. Ортаға сап өлең жайлы ойларын,Жан жарасын жуады ол шараппен.Жұмекен – жыр өлмейтінін ойладым,Сол жігіттің көз жасына қарап мен...                        ***Бұрала басып сәнменен,Мойынға моншақ жүрдің сап.Жарқыраушы еді сәулеменМоншақтар құйттай күнге ұқсап. Құдірет бітіп бізге ерек,Жүздессек жандық лапылдай.Ақ моншақ жырды тізбелеп,Толғанып жүрдім ақындай. Жадымда, қалқам, жанындаКөміліп нуға жатқан шақ.Сазандай бұлқынғанындаТөгіліп қалған... ақ моншақ. «Аяулым!» - дедім өзіңе,Жымидың үнсіз елжіреп.Қарадым қара көзіңе,Тұр екен моншақ мөлдіреп. ...Зымырап неге сонша ақтың,Жас дәурен шіркін жасындай?!Жалт етті-ау сол бір моншақтыңШашылып қалған тасындай!                        ***Суық ызғар еседі, күн қылаулап,Тұнжыраңқы, көңілсіз тұр мынау бақ.Ағаш екеш ағаш та сезе ме екен,Түсетінін, әйтеуір, бір күні аунап? Болды талай дауыл мен жел ермегі,Бүршік жарып өскелі не көрмеді?Қиындыққа бел талып, бүгілсе де,Тамырына сенеді терендегі. Тұр ағаштар өн бойын ақ қар басып,Жапырағын жаятын шақтарға асық.Көктер ме екен көктемнің құшағында,Секілденіп бақытын тапқан ғашық?! Желмен ойнап бұтақтар бұлқынады,Осы шығар тірліктің, мүмкін, әні:Бәрі, бәрі еңсесін тік көтеріп,Көк аспанға қол созып ұмтылады!