ВЕРНУТЬСЯ

         Жолыңды ашсын
жолбарыс өмір,

жонды өмір,

Көктемнен емес,

қара суықтан
тоңды өңір.

Базынаң көптеу,

қазынаң да бар
аздаған,

Қарны ашқандарға
жәрдем берсеңші

сен де бір.

Шекпен киген
соң, шетіне жолдың тұра
қап,

Әлдекімдердей іс
істемедің бір ағат.

"Тұманбай ақын

тұп-тура жолмен келеді",

Келеді дейді
ағайын-туған, жұрағат.

Жолыңнан тайма,

қолыңнан келген
бол іспен,

Барыңды жайла,

малынды күткін
өрістен.

Жұрттың барлығын

аяулы дос көр
кәдімгі

Жан досындай бір
сағынысып жүріп көріскен.

Бақытты болу
көңілден бәрі,

көңілден,

Мынау дүниеге
көңілі жоқтар не білген,

Шалалау дана
шалдыққа жетіп қалыппын,

Кеп-кеше ғана
кішкентай бала едім мен.

Жақсылыққа тұрады сенгісі кеп,

Оны ойлаймын
келісті кең кісі деп.

Көңіліме қарайды
өзі менің,

Қолыма әкеп
бақытты бергісі кеп.

Айтқанымды осы
қыз берден ұғып,

Жүрегіме өр
кезде үрледі үміт.

Өкпелетіп алса
бір байқаусызда,

Көңілімді табады
бірдеңе ғып.

Ешнәрсеге көрген
жоқ алаңдатып,

Теңізіне
мейірдің барам батып.

Менің дәу боп
жүргенім - оған шаттық,

Оның сау боп
жүргені - маған бақыт.

Шуағымен
көңілдің көктейді адам,

Керек етсе ол
егер, отқа айналам.

Ол тіріде қайғы
да менен аулақ,

Мен тіріде бақыт
та кетпейді одан.