ВЕРНУТЬСЯ

Көсілгенде  тылсым
түн  өресі  кең,
Сөгілсе  де  дүние 
көбесінен,
Шідер  үзген  шамданып 
шайпау  намыс
Қалатын-ды 
шаншылып  төбесінен.
Аласұрып 
таңдарым  ататын-ды,
Талмаусырап 
күндерім  бататын-ды.
Өмір  де  емес 
екі  орта,  өлім 
де  емес,
Ерегес  боп -
елес  боп 
жататын-ды.
Тау  суындай  тежеулер 
ағытылған,
Әдеп,  әдет  босанып 
қамытынан,
Астан-кестен 
дүние  ессіз-түссіз,
Адасатын  бар  тірлік 
бағытынан.
Осы  бір  сәт - жөн-жөнсізді  ескермейтін,
Сайдан  өріп  сұр 
жылан  төске  өрлейтін,
Осы  бір  сәт - ажалдан 
жасқанбайтын,
Қалың  қолға  бір 
өзің  дес  бермейтін.
Осы  бір  сәт - құмарың 
қанып  айқын,
Оған  тағы  бәрібір 
жарымайтын,
Осы  бір  сәт - санаспай  бақ-дәулетпен,
Әкеңді  де  тап 
келсе,  танымайтын.
Жөн  көр  мені... 
сүй  мені...  кешір 
мені...
Ұмытпа...  не  зердеңнен 
өшір  мені...
Осы  бір  сәт - келген 
мен  кеткендердің
Жарытпайтын  есте  қап 
есімдері.
Тартынбадық, 
шалқыдық  бір  кісіңдей,
Мұның  сырын  кей 
таныс  жүр  түсінбей.
Қырық  жылғы  қызықтан 
құтылып  көр
Дон  Жуанның  сиқырлы 
күлкісіндей!
Бақ  төрінде  сайраған 
таң  құстары
Азаймағай  сәндік  пен 
жан  құштары!
Жүз  бе,  әлде 
бес  жүз  бе - тек 
солардың
Аман  алып  жүр 
мені  алғыстары...
Тыңдап  тұрған  манадан 
мұның  бәрін
Ақ  тамақтар,  жібек 
бау  бұрымдарым,
Боталарым, 
Ажарым,  Асылдарым...
Неге  тағы  кетіп 
тұр  тынымдарың?!
(Сайрандармыз 
құпия  тылсым  бітіп,
Ақ  дастархан  жаюлы 
тұрсын  күтіп.
Мұрса  болса  сәл 
ғана,
әзірге  мен
Алайын  бір  саптаяқ 
сусын  жұтып!)