ВЕРНУТЬСЯ

          (Испания туралы)

          Зеңбірек
гүрс-гүрс, жаңғырык,

Таудың беті көк тұман;

Құйып тұр оқтың
нөсері,

Бояған жерді
ыстық қан.

Жартастарға
бекінген,

Үркердей бір шоқ
партизан.

Оққа оқпенен үн
қатты

Жойылса да қызыл
қан.

Аз ғана отряд
алдында,

Бастап жүр бір
батыр жан.

Әжімді беті
айбынды,

Сақалын да ақ
шалған.

Қызына қарап тіл
қатты,

«Ат, Аида, елі
үшін

Өлсек испан елі
үшін

Өлімде ондай жоқ
арман!

Кетпесін бір оқ
далаға,

Көзде дәлден, жан
балам!

Қыздары үшін
испанның

Тартынбалық
ажалдан!

Қорқып тірі
жүргеннен

Өлу артық
майданнан.

Әкеңе қостың
тізеңді

Ат, Аида,
қалқажан!»

Кенеттен тынды
қарт үні,

Өшті, бітті,
жанған шам.

Жатыр құлап, сылқ
түсіп

Жүрегінен жылжып
кан.

«Әке»- деді,
Аида,

Деді,- карт та:
«Жа-а-ан балам...

Орныма отыр,
берік бол,

Қош кұлыным, бол
аман!..»

Жанған жалын
ішінде

Мерт болды карт
партизан.

Соңғы сөзі
кесілді,

Демекші еді-ау
«Аидам!»

«Отыр әкең
орнына,

Тарт лентаны,
тарт, қалқам!

Қаны үшін өлген әкеңнің

Дұшпаннан да ақсын
қан!»

Отырды өрім жас
бала

Өлген әке орнына.

Пулеметтен оқ
төкті

Испания жауына.

Революция сұлуы

Қарамай балғын
жанына.

Бастырмады
фашисті

Испания тауына.

Бір шоқ отряд
партизан

Біріндеп батып қанына,

Батар күннің
алдында

Қалды-ау жалғыз
Аида .

Тұманды таудың қойнында

Балғын беті
балбырап,

Әкесінің касында,

Жатты Аида
қансырап.

«Өліміме ырзамын,

Сен де ырза бол,
әкежан!

Атуға испан елі
үшін

Оқ таусылды, жоқ
шамам...

Өлерде шыққан
үнімді

Қоңыр жел, саған
тапсырам!

Елім Испанияға

Дегейсін: «Тез
қарулан!»

«Ағын өзен, асқар
тау,

Қош, туған жер, қош,
анам!

Әлсіредім, әл
кетті.

Аш қойнынды,
әкежан...»

Мәнгі көзі жұмылды,

Тынышталды жас құрбан...

Өскен оттай жас
қызды,

Ұмытпады көп
испан.

Миллион жігіт,
миллион қыл,

Қайта аттанды
жанадан.

Аиданың қаны
үшін,

Алды жауын
жағадан.

1938