ВЕРНУТЬСЯ

     Бір күй бар домбырада тартылмаған,

Бір сыр бар көңілімде айтылмаған

Сен үшін келдім сақтап, сүйген сәуле,

Көзіңнен айналайын жалтылдаған.

Ақ сәуле, аспанда аймен таласасың,

Төгіліп иығыңа қара шашың.

Жалт беріп құралай
көз қарағанда,

Жанымның жайлауына жарасасың.

Ақ сәуле, арнадым мен арманымды,

Бұлбұлдай аялаған таңда гүлді.

Көркіне еңбегі сай келіп тұрған

Арман не көргеніңде жан жарыңды!