ВЕРНУТЬСЯ

Табаныңда – дариясы мұнайдың,Көкірегіңде – асқақ рух, қырау мұң.Көзі қырын түсті ме әлде құдайдың,Сәнің қайда, әнің қайда, шырайлым? Қабырғасын сөккендейін тамұқтың,Көзі болып түнді тілген жарықтың,Күллі әлемге кеткен тарап дауысыңҰранындай қазақ деген халықтың. Өршіл едің, елдің мақтан сөзі едің,Бүгін сенің талғандай ма өзегің?Келер әлі, келер талай кезегің,Алдаспандай жарқылдаған Өзенім!!!                                                     Қаңтар,1990 жыл.