ВЕРНУТЬСЯ

Жыл екен жақсылығы
жырлап қалған,
Күн екен
жарғы шемді пұралаған.
Зар жылап, жұбамышқа
қараған Күн,
Құдайдан бір перзентті ұрлай амам.
Той бопты ұлан-асыр
Жыландыда.
Сойыпты байталды
да, құланды да.
Ақсиып әр қазанда қойдың басы,
Бас, қымыз
саба-саба, бұланды да
Қаужаңдап бір тойыпты
қарыны аштар.
Ағылған ақын, әнші
дарыпты асқар
Белдесіп
балуандар, бәйіс қызып,
Құмардан шыққан
туыс-қарындастар.
Қыздары құйқылжыған
жорға мініп,
Кетіпті көн
жігітті орға жығып.
Аурулар айығыпты
сырқатынан,
Алла емес, адам
заңы қорғап ілік
Басқа жер
жылады ма, жұбанды ма.
Шаттықта
шек болмаған Жыландыда.
Бақырып басына елді бір көтеріп.
Дүниеге келген сөйтіп Жұбан мұнда.
Жо, жетер,
жайла, Жұбан
Мұндай той
кейіп туған кінәсі еді.
Сен емес, бір ханзада
жарық көру.
Шындыққа бұл
да, бәлки сияр еді.
Сенен де, сыншы достым, сұранамын,
Ақынның
кешіре гөр бір амалын.
Сирақтан
тартып жатса жорға түссін,
Салбырап
көкте қалай тұра
аламын.
Ойлашы немді
айтамын
Оллаһи, өзіме
онша разы емен.
Сондықтан
жабыстым жыр кітапқа.
Көтеріп тастасын деп біраз өлең.
II
Әлқисса,
ал басталды өмірбаян.
(Секілді салғам
салық о бір маған)
Әкемнің
аты аспапты өз аулымнан.
«Құл» деген руым тек өнерге аян.
Білмеймін
неге бұлай ағайлаппын.
Құлдыққа
кімнен қайыр-бата аламын.
Адам ба, алласы ма жарылқаған? -
Жазбапты шежіреде
атам хакім.
Ұқты ма ханға
қара тең келмесім.
Өзге атты әлде
өзім меңгермесім.
Әйтеуір құлдар бұтым жүрс берейін.
Өсті тек мәртебесі
мен келтисіп.
Ғафу, дос, тағы,
бәлки, артық кетсем,
Өзіме күш-күдірс тым артып кеттім.
Дәуірдің өзімше айтып, өзі болып.
Келеді
кереметті қарпын кеткім.
Мен - Жұбан
- төрт баланың кенжесі едім
Қаспаққа қасарысып таласам деп.
Кенет бір сырым аштым кем-кеселдің.
Ағамның болды мүлде сөзі басқа:
«Баланың
ашқан гүлін - көзі аста»
Сарт етті миыма
кеп мына мақал,
Жатқандай қасиет көріп
өзі баста.
Жанардан ыршын
шықты жас шынымен,
Жалғасып жан
дүниемнің ащы үнімен.
«Бас қайғы байтал
түгіл» дегендей-ақ,
Туытшын
аты шулы аш жылы мен.
Ет тұрсын өз үйімде қой болмаған.
Соятын құнан
қайда, қой болмаған.
Әйтеуір Жұбаныш
деп ат қойыпты.
(Ал менде жұбатудан
ой болмаған).
Ұзамай өліпті
әкем Молдағали
Бола алмай ол да молда, ол да Ғаріп.
Шырылдай
жатыппын мен, құтсыз бөбек.
Обадан қырылғанда ондаған үй.
Ақыры жалғыз қалдым баладан да.
Бір мені бірегейге
санаған ба?
Қасыққа
ортақ ауыз болмасын деп.
Жасаған жағдайыма караған да...
Анашым - аты Зеріп - беріде өлді,
Ұлына сүтін, күшін беріп өлді.
Әйелдің алдияры, ақсұңқары,
Аптапқа, аязға
да берік еді.
Жарықтық ұлға да ана, Құлға да ана.
Әке де өзі болды бұл балаға.
Жасасып жаңа өмірді
туған жерде,
Жағысып кетті жарқын нұр даланы.
Кешқұрым
жырлап қазақ дастандарын,
Жаныма шашып еді жастан жалын.
Тежеусіз тоя ішкенім өлең болды,
Сол еркін жамылғаным,
жастанғаным.
Ақындық жұқса, жұқты сопла манап.
Жыр жайлы ойламады
алғаш ойдағы адам.
Қалды іште, сыртқа шыққан бірер шумақ.
Ешбір қол өңдемеген, оңдамаған:
«Көрінген
сонау жердің қиығы екен.
Жалғыздық,
әкесіздік қиын екен,
Жасырдым бұл
жырымды анамнан да.
Кеудеме өлең
нұрын құйын еткен.
III
Қанша жол,
қанша тағдыр, қаншама арман
Басталды, шіркін,
біздің комсомолдан?!
Басы сол менің
өмірбаянымның,
Өткізген күрес,
майдан, қансонардан.
Тұрғандай қолыма
ұстап ерке таңды,
Толтырдым сонда тұңғыш
анкетамды.
Жаздым мен «Мың
тоғыз жүз жиырма» деп,
Тебірендім, сия
сірә әнтек тамды...
Әрісі, берісі не
бірер айдың?
Ер жетсем ерте,
бәлки, келер айбын.
Жазылды содан бері қанша қағаз -
Жабсаң ше, жасырынар нелер айдын.
Қылтиып
суреті де тұр басымның...
Сонымен республика құрдасымын.
Басқаның
өлер жылдан бәрі алдында,
Аз десең анкетаны, жырда сырым.
Сыры бұл
аңқылдаған бір жүректің.
Суы емес құр
сүлдердің, былжыр еттің.
Өзінше оты да бар, қаны да бар.
Келмейді былдырлағым, бұлдыр еткім.
Білмеймін бөлінуді, ру заңын,
Білемін бір жатақта тұру заңын.
Ұлына Отан-ана болса риза,
Мен оған өле-өлгенше
ризамын.
Нұрлы да
туған елден, ұлы да ел жоқ.,
Қалайша жыр етермін мұны селсоқ
Мен үшін бұл
дүниеде, күн астында
Құп-күйттай
өз үйімнен жылы жер жоқ.
Жарда да жоқ Софьямдай жер бетінде,
Жел болып бір тимеген ел бетіне.
Қуаныш, Қуандығым,
Азаматым
Ананың сусындатқан
шербетіне.
Гүлмирам - алтын қызым, бота көзім,
Танытар дала кейпін, ата көзін.
«Папа» деп мен айтқам жоқ, айтады олар,
Қызыққа, қызғанышқа
батам әзір.
Төрт
перзент - үш жас бүркіт, ерке елік.
Бір кезде біз де осындай төртеу едік.
Жоқ, жоқ, жоқ, бұл
төртеудің тағдыры өзге,
Біз болсақ бұлар
үшін ерге келдік.
IV
Өскем жоқ құран
оқып, құдай танып,
Ғашық та болған емен ұдай талып.
Ел, ана - биік ұғым өз алдына,
Сүйгенім - өлең ғана
құлай тауып.
Сұлуға сұқтанғам жоқ азайын деп,
Сыр тарттым
махаббатты жазайын деп.
Іздедім шараптан
да жырға жалын,
Тапқан аз, тартқан, бәлки, сазайым көп.
Жол бар ма жөні
келсе бұрмаланып.
Жолаушы аз шөл,
аязға ұрынбаған
Бірде бұлт,
бірде күнгей Алатау ма
Дүниенің ұқтырғандай сырын маған.
Мен үшін асқақ мұрат
өкілі өлең.
Жазамын жүрегімнің өкімінен.
Өтсем тек адам болмай, әулие боп.
Өмірге келгеніме өкінер ем.
Ешқашан елден оқшау жүрмедім мен.
Тәж-тақ та іздемеймін жер-көгінен.
Ақын аз, ақын болып күнелткен көп.
Сақтасын сондай кенттің дүрмегінен.
Теңізін дауылда да сағалаған.
Ақынның айырымы не шағаладан?
Өлеңді о дүниеге апармаймын.
Биіктігін
қалдырсам деп саған адам.
V
Жыланды - ат шаптырым
жердің аты,
Шыққан жоқ ол арқылы елдің аты.
Жыланды - күміс канал - жаңа өзен,
Тербейді,
толқытады жел қанаты.
Жыланды жайраңдайды, жыланбайды,
Жоғалды
жылан зәрі, лаң қайғы.
Шағысып атар таңмен, батар күнмен,
Жыланды қылаңдайды, сылаңдайды.
Талайды таңырқатты, табындырды
Шалқыған көк теңіздей шабындығы.
Ішіне түскен жаяу шыға алмайды.
Мені де сабылдырды, шабылдырды.
Жоқ, енді
жер-ел  дауы,
барымтасы.
Еңбек,
жыр, ұрпақ қамы - бар ынтасы.
Той да көп,
тоят та көп - қайын жатыр
Аш жылы туғандардың қарымтасы.
Сонымен білмек болса Жұбанды кім,
Өлеңде,
өмірде де Жұбан бүгін
Құлы да қожайыны ұлы елдің,
Тұрақты өкілі әрі Жыландының.