ВЕРНУТЬСЯ

         Бірінші бөлім

Желбіреген жібек
ту

Жиырылып барып қулады.

Жер тебіренткен ұлы
шу

Жел тынғандай
тынады.

Жалынды батыр
жаралы,

Жоғалды сөніп
шырағы.

Жүрегінен атылып

Жосыды канның
бұлағы.

Жәрдем етер
дәрмен жок,

Жылады жүрт,
жылады.

Сүнкар таска
ұрынды,

Қайта ұшатын күн
кайда?

Тұлпар жарға
жығылды,

Қайта тұрар күн
кайда?

Сағактан найза
үзілді

Сапталар қайта
күн кайда?

Алдаспаннан жүз
кетті,

Қайралар қайта
күн қайда?

Ак білектен әл
кетті,

Әл жияр кайта күн
қайда?

Жер кетті,

Ер кетті.

Ел зарлы

Ер мұңлы,

Еңретті-еңретті.

Ойда өрт,

Көзде жас,

Айнала жалаңаш.

Күннің көзін

Мең басты.

Жер бетін

Сел басты, сел
басты,

Шулады жұрт

Ұлардай.

Шұбырды жұрт

Құландай.

Мекенсіз,

Тұрақсыз,

Шуласты, шуласты,

А н а

Өрттен қалған тақырды

Өрнектесем оңар
ма?

Өзегі солған
өзенді

Жас ағызсам толар
ма?

Қанға батқан
батырды

Құрбандыққа
айналсам,

Қыран құстай
қайрылып

Тұғырына қонар
ма?

Қайта қару сұрар
ма?

Қайта бастап
шығар ма?

Жатпасын жерде
тірегім,

Кір шалмасын
денесін.

Жұртын сүйген
жүрегін

Құрт-құмырысқа
жемесін.

Көтеріңдер
бнікке,

Болсын құрмет
ақырғы.

Күйдірмейік
күйікке

Көзін жұмған
батырды.

О, дариға батырды

Көтеріп шығар жол
қайда?

Қол талғанда
батырды

Арулап қояр жер
қайда?

Хор

Мерт болған ерді
көтердік,

Тұла бойын көмген
қан.

Еңсені езді ауыр
жүк,

Егіледі жылап
жан.

Жүректі қанжар
тілгендей,

Күйрегендей
жер-жаһан,

Өкпе-бауыр
күйгендей,

Ән қашқандай
айтудан.

Енді кайда
жүреміз,

Бастайтын кім
жақыннан?

Түсер тыңнан
қандай із,

Үміт қайда
шақырған?

Сәуле қайда
сөнбеген,

Бар ма, жоқ па
айтар кім?

Арман қайда
өлмеген?

Білетін жан
берсін үн,

А қ ы н

Жаралған жан
жүрегім халқым саған,

Ән бар ма сен
дегенде айтылмаған.

Өрт шалып,
ұшқанымда қанат талып,

Салмағы сұм
заманның түсті маған.

Күрсінтіп
көкіректен шыққан арман,

Күтесің күйік
емін домбырадан,

Секілді шұбырған
бұлт қозғаламыз

Тартынбас ән мен
елең кеш бастаудан.

Күн сенбей,
көңілден де сөнбес жалын,

Ән елмей, тынбас
арман талпынғанын.

Домбыра құлағыма
сыбырлайды,

Алыстан жарық
үміт шақырғанын.

X о р

Ақын айтты
адалын, үміт алда,

Қанатты жыр
қасіретті жықпас жарға.

Алыстағы сәулеге
бет түзейміз,

Қайғы менен кекті
ашу бірге қайна!

Кетпес босқа
аққан қан, кеппес текке,

Ер атағын ел
жоқтар келешекте.

Акын жыры сол
күнде болар куә

Дерт үстінде
демігіп айтқан сертке.

Жарық үміт
сәулесі жанған алда,

Біз жеткенше
мүлгіме, сөнбе, талма.

Жылағанды жұбатқан
ақын даусы

Жетекші бол
арманға, қалма-қалма.

Е к і н ш і б ө л
ім

А н а

Қосылған ұл мен
қызым тойым қандай,

Қайғысыз қызық
думан, ойын қандай.

Ай жүзді албырт
жастар ортасында

Қарт көңіл қайрат
жинап тойынғандай.

Кезден жас
кеусермепен жуылғандай,

Бел бекем
болдырмасқа буылғандай,

Қиялды ойын-думан
шарықтатса,

Өртеген отты
қайғы суынғандай.

Басылмас кеңіл
күйі ән шырқалмай,

Өрлетіп ерге
қарсы есіп алмай.

Айтындар, жас
жарлардың жар-жар әнін,

Үндерің кең даланы кетсін шарлай