ВЕРНУТЬСЯ

Құшаққа алып тоқ омырау торғын бақ,Көркем қала шақырса да қол бұлғап.Ауатыны-ай ауыл десе аңсарым,Жетелейді құштарлығым – сол жұмбақ. Ата мекен! Мадақтаумен көркіңді,Сен туралы қаншама сыр шертілді!Дем алам да жусанымен даламның,Жазып алам тұла бойдан дертімді. Дала... Сағым... Қиялыммен табысқан,Бала шағым бұлдырайды алыстан.Қалдың артта тәтті түстей кездерім,Асық ойнап, тайға мініп жарысқан.Аспанында аққу сазды асқақ ән,Ауыл менің ажырамас астанам.Қырау шашты қариялар алдында,Инабатпен иба сақтап жасқанам. Солар менің сиынатын пірлерім,Соларменен арайланып тұр көгім.Гольфстрим жылы ағысы сияқты,Жүрегімде ыстық сезім жүр менің! Өмірімнің бастауы едің бір бұлақ,Көңілімнің қойдың-ау сен ырқын ап.Еміренген енесіне жайлаудаҚұлындаймын табысатын шұрқырап...                   ***Туған ауыл! Туыстай сағынамын.Сағынамын жел күнгі шағыл әнін.Көрінсе екен көзіме киіз үйлер,Шыр айналған күміс күн шаңырағын. Қиясына жетелеп барады қыр,Жүрегімде бүршігін жарады жыр.Шалғын иісін сіміріп жатқым келді,Үңгіп-үңгіп жіберіп маяны бір. Жаным неге соншама тым үздікті,Қалса да ем сапардан бір із құтты!Қойнауыңа кетсем бе қымыздықты,Қойлы ауылға жетсем бе ырыздықты! Төскейінде төл үні жамыраған,Думандатқан күйсандық – сары далам.Таусылмайтын күйбеңге араласып,Болайыншы шаруаға тағы да алаң. Сезімім мен құстардың сазы үндесіп,Тіршіліктің толғанам жазын кешіп.Мұңым болса бір сәтке ұмытамын,Әз қылықты құрдаспен әзілдесіп.Жеткен еді махаббат жеріңе алып,Самалың боп шарлайын мен лағып.Тұла бойым жеңілдеп сала берді-ау,Қоя берген тұлпардай ерін алып. Сап, көңілім, құйындай желікпегін,Желіккелі сен мұнда келіп пе едің?Бабаларым жатыр ғой бата берген,Бас иейін аралап бейіттерін. Сыр айтайын сағынтқан аспаныңа,Жайдың отын дарытқан жас жаныма.Отпан таудың басына өрмелейін,Табанымды қажатып тастарына. Құшағына қысады баяғы қыр,Баяғыдай алдыма жаяды гүл.Аялайды анамның мейіріміндей,Күлімсіреп көгімде аялы нұр...