ВЕРНУТЬСЯ

       (Жетпісін құттықтап)

       Болдың сен
сүйіктісі қалың елдің,

Бақытқа бала
күннен танып ердің.

Генерал,
алпысыңды құттықтап
ем,

Тойыңа
жетпісіңде тағы келдім.

Асықпа, қарт
боласың ертең дана,

Көркін де
қызғанбайды көркем дала.

Ойың да сәл-пәл
ғана күңгірттеніп,

Бойың да
аласарды сәл-пәл ғана.

Сүр желі
кәріліктің бетке ұрады,

Айғайлап
жігіттіктің өтті ұраны.

Кемпірің қорқады
да қорылыңнан,

Өзіңнен бөлек
жатсам деп тұрады.

Жандағы сезімің
де, ойың да бай,

Ендеше,
дүркіресін тойың, давай!

Бұл пәле қайдан ғана кеп қалды деп,

Қарттықты
жүрсің-ау сен мойындамай.

Бел алдың,
бірте-бірте бедел алдың,

Жетпіске жетсем
деп ең, келе қалдың.

Бір кезде
генералдың ең жасы едің,

Ал бүгін кәрісісің
генералдың.

Өзінді бекер
босқа неге алдайсың,

Қарттықты
ешқашанда жеңе алмайсың.

Жастықтың
ауылынан бір кеткен соң,

Қайтадан сол
ауылға келе алмайсың.

Шақырсын шын
жүректен бір қыз мейлі,

Сол ауыл енді
сені кіргізбейді.

Жастықтың
кемесінен бір түскен соң,

Қайтадан сені
өзіне мінгізбейді.

Сондықтан да
риза бол келген күнге,

Теріп же ризығынды елмен бірге.

Сатады көзін
енді балаларың

Бір кезде озің
мәз боп терген гүлге.

Іздеп ең,
қарттықтан да көрік таптың,

Жедің гой
жемісін де көріп тәттің.

Өмірдің бергеніне
риза бол,

Сол өмір не десе
де көніп баққын.

Біз дағы
өзімізше бедел алдық,

Тойыңа шақырған
соң келе қалдық.

Майордан, біз
секілді капитаннан

Әрине, көп мықты
ғой генералдық.

Жейтұғын алмаң қандай, алшаң қандай,

Жүзіңді сумаңдаған жел шалғандай.

Қазақта маршал
болған ешкімім жоқ,

Өкінбе қалдым-ау
деп маршал болмай.

Қыздардың
қарамайды көзі ұнатып,

Кетеді
келіншектің сөзі батып.

Үйіңде осы күні
тыныш жатып,

Жап-жақсы шал
болудың өзі бақыт...