ВЕРНУТЬСЯ

      Әбеке, Сіз бір ақылды ағасыз,

Бастық болдым деп бақырмағансыз,

қарауыңызда жүрген інілеріңіздің

біреуіне тізе батырмағансыз.

Акырын жүріп, анық басқансыз,

Қазынаңыз
болса - халыққа ашқансыз,

Жамандық
атаулы пәленің бәрінен

Басыңызды
аулақ алып қашқансыз.

Зердеге біткен зейініңізбен,

Кісі де болып пейіліңіз кең,

сыртқа шығарып көрген емессіз,

Қалса да
көңіл кей ініңізден.

Өсетін ұлдай
батырға қарап,

жаныма Сізді жақын бағалап,

Алдыңызды кесіп өткен емеспін,

әр сөзіңізді ақылға балап.

Тел өсеміз бе, теңесеміз бе, -

Көніп келеміз не десеңіз де,

Өзіңізден аумай жаралғандай-ау

Сіздің үйдегі жеңешеміз де!

Қадіріңізбен, сабырыңызбен

Көрген емессіз жаңылып ізден, -

Сізге тек ұзақ
ғүмыр тілер ем -

санасып жатса Тәңірі бізбен!

9 қазан, 1999 жыл