ВЕРНУТЬСЯ

ЖұмабикегеБөлемедім үлде менен бүлдеге,Уақыт өте ширай түсті гүл денең,Екі шалдың еркесі едік екеумізТәңір ием көзін салды бізге де. Ақ отаудың өзім жақтым шырағын,Ал сен оның гүлге орадың шырайын,Моншақтайын кестеледік жылдардыБіз дегенде сәтін салды құдайым. Шатырадай мөлдірейді аспаным,Өзің барда мен қиыннан қашпадым,Маған төнген кесапаттың барлығынПеріштем –ау, өзің серпіп тастадың. Өткінші өмір батырға да, сақиға,Мың күнгі ұжмақ бір күніме тати ма!Екі дүниеде ризамын мен егерОсылайша ғұмыр кешсем бақида... * * *Қос тұлымың көзді арбап,Жүрген кезден білемінҚызғалдақтай бүр жарғанУылжиды гүл ернің. Мойыл көзбен аймалап,Жүрегіңмен сүйгендейАқ толқындай асықтыМойыныма білегің... Діріл қақтың қолымдаҚолға түскен еліктей,Қос анарың тепкілепКөкірегің – көріктей. Шырмауында сезімніңБірге адасып, табылдықСабасына түскен соңҚұйын көңіл желіккен...