ВЕРНУТЬСЯ

Бабалар біздің ғасырлап күтті,Бостандық атты бұл күнді.Тажал таптаған дүрия далаТозаңын қағып, сілкінді. “Измдерменен” көңіл алдаған,Бозаң күндерге қош дедік,Тұқымын тұздай құрта жаздағанТілімен бірге ұлтымды. Шаңырағы қайта тіктеліп қалды,Шырқырап кеткен қазақтың,Тәуелсіздік қиын ед неткенТаусылмас шегі азаптың. Ес білген ұлдай, етекті жауып,Тастүйін болар кез келді.Шапағат нұрын тайдырмасын текТәңір сыйлаған азат күн! Бостандығым-ай, тәй басқан күйдеСынақты кештің қаптаған,Жат пиғылмен шеттеген болдыАқ қадамыңды даттаған. Шалғайыңнан кеп олар алғандаТүнге айналған-ды күндерім.Жаманатың сенің естілер болса,Жүректен тиген оқ маған. Бұл бостандық бақыт құс сынды,Оңайлықпенен қонбайды.Қадірін оның ұға алмай жүрсек,Бәрінен бұрын сол-қайғы. Жүрегі түкті бабаларымныңКүреске толы жолы бар.Жаратқан ием бұйыртсын бізгеСол жолды адал жалғауды! Шілде,1992 жыл.