ВЕРНУТЬСЯ

     Қасиеті танылмай

Тұрса да әзір өзгеге,

Жабағының
жалындай

Жалбырайды боз кәде.

Жел үрлесе,
басылмай,

Тулайды, онда
жоқ тыныш.

Бейне атамның
шашындай

Шашақтары ақ
күміс.

Барсаң туған
еліңе

Жаз шыққанда жер көктеп,

Тұрады арқа
белінде

Атаңдай сол
елбектеп.

Екпіні шайқап
дауылдай

Жағада тұрған құзды асқақ,

Артына аппақ
жалындай

Толқындар тартар
із тастап.

Тартқанда құстар тізбегі

Жылы ұя іздеп әуре боп,

Артында қалар
іздері

Аспанда ала
сәуле боп.

Ракета ізі
күндіз де

Найзағай болып
тұр көкте.

Бола алмай ие
бір ізге,

Өтпесек болды
құр текке.

Дүниенің ісі
бітпейді,

Үйіліп күнде
қат-қабат.

Кешіксең, сені
күтпейді

Арындап уақыт -
шапқан ат.

Өзіңді өзің
қамшылап,

Тындырсаң бірін
тауысып,

Қайтадан туып
сан сұрақ,

Жатады баста
алысып.

Түсесің ұзақ сонарға,

Ойға да батып
сен тағы.

Адамның басы
болар ма

Айналып тұрған жер шары.