ВЕРНУТЬСЯ

Болған бәрі, толған-ды жаным уға,Жаралғаннан жоқ едім жағынуға.Аттатпады Намыстың алдаспаны,Қала бердім құйылған қалыбымда. Болған бәрі, толған-ды жаным уға,Көзі жасты көгімдей, қамығу да.Кеудемдегі жылытқан Үміт оты,Жібермеді жанымды жабығуға. Болған бәрі, толған-ды жаным уға,Сарылу да, зарығып сағыну да.Ақ періште Арманым қолын созып,Тартып алды, тастамай тағы, мұңға.Болған бәрі, толған-ды жаным уға,Кейігенмін, шақ қалып жарылуға.Шақырды да дана шал Сабыр деген,Алып кетті ашудан арылуға. Болған бәрі, толған-ды жаным уға,Бола бермек, себеп жоқ жанығуға.Үміт, Арман, Сабыр  мен Намыстардың,Ұмтыламын жанынан табылуға. Бейне бүгін ештеңе болмағандай,Жүріп келем, тірлікте жолда қалмай.Қойғанын-ай жүректі күпті қылып,Жұмбағымен,                   алда әлі болмаған жай...