ВЕРНУТЬСЯ

Боз дала сені мамырда,Бұралған бейне қыз деймін.Бозала таңның шағындаБозторғай жырын іздеймін. Бабаларымның көзіндей,Боз жусанды жазығым.Батырға біткен төзімдейБатылға жомарт алыбым. Батагөй шалдар о баста,Бозқасқа шалып жолыңа,Бозаң қыр саған таласқанБермеген жаудың қолына. Боздақтар шыққан атойлап,Болат өзекті жебедей.Басқыншы қашып, ат ойнап,Бейіт боп қалған төбелер. Бұл күнде енді ырыстанБақытқа толды әр таңың.Бозжайнақ ұлдар құрыш қолБөлеуде даңққа ертеңін. Бозмая дала – жерұйық,Басыма сені бақ тұтқам.Болашағыңа сеніп нықБәйіт етіп өтем шаттықтан.                                       22.05.1980 ж.